Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

ШҚО-дағы қан және оның компоненттерінің донорларының есімін атады

Жаңа жыл қарсаңында облыс орталығындағы Қан орталығында "Сиқыршы болу оңай! Донор болу жеткілікті!" деп аталатын акция өтті

ШҚО Қан орталығының ұжымы қан донорларын түрлі номинациялар бойынша марапаттады.

"Ең қайырымды донор" номинациясымен үш адам марапатталды. Ол 2017 жылдан бері донор болып, 6150 мл қан мен оның құрамдас бөліктерін тапсырған Қуат Мұстафин. Юрий Карамышев – 2016 жылдан бері 5850 мл. Плазма доноры Татьяна Хоренко – 26 плазма донациясы, жалпы 3580 мл қан мен оның құрамдас бөліктерін өткізген.

2020 жылы ең көп донация жасаған Нұрболат Майзақов (14 донация, 6300 мл), Серікбек Қабылбаев (19 донация, 7200 мл).

Ал ең жас донор Алена Яровенко ең алғаш 2020 жылдың 5 қазанында 18 жасқа тола салып қан тапсырған. Сонымен қатар, 2019 жылдан бері қан тапсырып келе жатқан Арнур Оралов осы уақытқа дейін 1500 мл қан тапсырған екен.

Ең ересек донор – 71 жастағы Виталий Бауэр. 2002 жылдан бері 10150 мл қан тапсырған болса, 61 жастағы Сергей Марушить 344501 мл қан беріпті.

"КЕЛЛ+" фенотипі бойынша донор - Вера Савченконфң қан тобы О(I), резус теріс "Келл+" антигенімен.
- Номинанттардың барлығына да ”БанкЦентрКредит” АҚ-дан сыйлықтар таратылды, - деп атап өтті Қан орталығындағылар.



Следующая →