ШҚО ауылдарының біріне ұялы байланыс тартылды
Глубокое ауданының Белокаменка ауылының тұрғындары мереке қарсаңында керемет сыйлық алды
Ауыл тұрғындары көп жылдар бойы телефонмен сөйлесіп, ғаламторға кіру үшін шатыр, дөң шығып әуре болатын
Белокаменка ауылының тұрғындары Глубокое ауданының әкімдігіне ұялы байланыс сапасын және интернет жұмысын жақсартуға қатысты мәселемен жүгінген болатын.
Следующая →
Белокаменка ауылының тұрғындары Глубокое ауданының әкімдігіне ұялы байланыс сапасын және интернет жұмысын жақсартуға қатысты мәселемен жүгінген болатын.
- Аудан әкімдігі ұялы байланыс операторларына осы мәселені шешу туралы өтініш білдірді. Осыдан кейін LC Commerz компаниясы "Altel", "Tele 2", "Beeline"мобильді байланыс жүйесінің мұнарасын орнатты, - деп мәлімдеді аудан әкімі Тамара Рахимжанова.Енді жергілікті тұрғындардың интернетті және ұялы байланысты үздіксіз пайдалануына мүмкіндігі бар.