Өскемен
пасмурно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -12°
  • Ақтөбе
    -8°
  • Актау
    +4°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -14°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    -5°
  • Туркестан
    -4°
  • Шымкент
    -7°
$
523.86
544.34
¥
71.77
5.11
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Пестрякова
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

Жаңа жыл қарсаңында елорда тұрғыны ШҚО тас жолдарының бірінде адамды құтқарып қалды

Шығыс Қазақстан облысына Жаңа жылды қарсы алуға келген Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны адам жанын ажалдан арашалап қалды

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 31 желтоқсанда Ұлан ауданы Донское ауылының маңындағы республикалық тасжолда болған.

Көлік жүргізушісінің дерті қозып, басымен рульді ұрғылай бастайды. Мұны байқап қалған елордалық Бақытжан әуелде оны мас деп ойлады.

Алайда бірнеше секундтан кейін ер адамның ауруы бар екенін түсінген. Бірден сол жерге жедел жәрдем шақыртқан азамат оның қасына жетіп барып сөзге айналдырумен болды.

Көп ұзамай дәрігерлер де келген.

- Бақытжаннан басқа ешкім көмектесуге ниет білдірген жоқ. Ол бірден тоқтап, жедел жәрдем шақырып, соңына дейін тосты. Бұл - нағыз ерлік!, - деп жазды жүргізушінің туған-туыстары әлеуметтік желіде.

ШҚО полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев Бақытжан Әбдірахмановтың батылдыққа пара-пар көмегі үшін оған Алғыс хат пен бағалы сыйлық табыстады.

- Менің орнымда болса кез келген адам сөйтер еді. Бұл ерлік емес. Қиындыққа тап болған адамды көрген кезде ешкім де бейжай қарамауы керек деп есептеймін, - дейді Бақытжан.

Анықталғандай, ер адам Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. Шығыс Қазақстан облысына Жаңа жылды қарсы алу үшін келген.
Следующая →