Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО ауылдарында мерекелік шаралар онлайн режиімде өтеді

Облысымыздағы аудан әкімдеріне хат жолдап, келе жатқан Жаңа жыл несімен ерекшеленетіні жайлы азды-көпті ақпарат алған едік. Әр аудандағы жаңажылдық шаралар жос-парымен алыс-жақындағы оқырмандарымызбен бөлісуді жөн көріп отырмыз

"Ай ат айналғанша, жыл жылқы аунағанша" дегендей, көзді ашып-жұмғанша Тышқан жылының аяқталуына аз ғана қалып, уақыт машинасы шықылын үдете түскендей. "Жаңа жыл" десе елең ете қалатын елдің бұл күнді асыға күтетіні белгілі.

Жаңажылдық шыршалар, сиқырлы ойыншықтар, мерекелік отшашулар кім-кімді болмасын қызықтырары хақ. Сондықтан болар, жұрт мерекелік дайындыққа әлдеқашан кірісіп кеткен-ді. Осы орайда шығысқазақстандықтарды келе жатқан Жаңа жылда қандай тосынсыйлар күтіп тұрғанын анықтап көрдік.

Катонқарағайда Жаңа жылға қаржы бөлінбеген


Биыл Катонқарағай ауданында Жаңа жыл мерекесін өткізуге жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылмапты. 
- Биыл ауданымызда карантиндік шектеулерге байланысты Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылмады. Сонымен қоса, аудан, ауыл орталығындағы алаңға шырша орнату үшін де бюджеттен қаржы бөлінген жоқ. Мерекеге орай ата-ана қамқорлығынан айырылған 30 балаға және аз қамтылған отбасылардан шыққан 251 балаға жаңажылдық сыйлықтар мен киім-кешектер беріледі. Бұл мақсатта білім беру қорынан 11 млн 140 мың теңге қаражат бөлінді. Балалардың көңілдерін көтеру үшін аудандық достық үйінің этно-мәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен әлеуметтік аз қамтылған көпбалалы отбасылары үшін "Жаңа жылдық ертегі" атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылады. Шара барысында балаларға тәттілер таратылады, - дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Рауан Нұрмолдин.
Оның айтуынша, аудан әкімінің жаңажылдық шыршасы 28 желтоқсан күні өтеді. Оған 281 бала қатысады. 
- Мерекелік табиғи шырша 20 желтоқсанда орталық алаңға орнатылды. Аудан әкімінің жаңажылдық шыршасы 28 желтоқсанда Үлкен Нарын ауылындағы "Балалар шығармашылық" сарайында өтеді. Елдегі төтенше жағдайға байланысты мерекелік бағдарлама онлайн түрде өткізіледі. Оған 281 бала қатысады деп жоспарлануда. Оның 30-ы ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар болса, 251-і аз қамтылған, әлеуметтік жәрдемақы алатын отбасылардан шыққан балалар. Тағы бір айта кететіні, биыл Рождество мерекесіне орай, жастардың шығармашылығын және көшбасшылық қасиеттерін арттыру мақсатында аудандық Достық үйінің ұйымдастыруымен "Қазақстан халықының мәдени мұрасы" жобасын жүзеге асыру аясында "Frohe Weihnachtenohe" аудандық онлайн байқауын өткізетін боламыз, - дейді Рауан Қамбарұлы.
Айта кетейік, биыл карантиндік шектеулерге байланысты аталған ауданда жаңажылдық отшашулар ұйымдастырылмайды. 

Ұланда барлығы онлайн өтеді


Биыл Ұлан ауданының әкімдігі Жаңа жыл мерекесін атап өтуге 350 мың теңге бөлінгендігін мәлімдеді. Аталған аудандағы балалар болса мерекелік сыйлықтарды асыға күтуде. 
- Пандемияға байланысты Жаңа жыл мерекесін атап өту қарсаңында мерекелік бағдарлама онлайн форматта ұсынылады. Орталық алаңға шырша орнатуға бюджеттен қаржы бөлінген жоқ. Аудандық Мәдениет үйінің алдында табиғи шырша 2018 жылы орнатылған. Аудан әкімінің жаңажылдық шыршасына 65 бала қатысады. Оның ішінде 9-11 жас аралығындағы әлеуметтік көмекке мұқтаж балалар бар. Атап айтсақ, ата-ана қамқорынсыз қалған 3 бала, аз қамтылған отбасының 13 баласы, 1 жетім бала болып, сонымен қатар, 40 көпбалалы отбасының балалары мен 8 дарынды оқушылар қатысады. Шектеу шаралары жалғасқан жағдайда әр оқушыға 30 мың теңгенің сыйлықтары таратылады, - дейді аудандық ішкі саясат бөліміндегілер.
Жауапты маманның сөзіне сүйенсек, биыл Жаңа жыл мерекесін атап өтуге жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылмапты. Пандемияға байланысты жаңажылдық отшашулар ұйымдастырылмайды екен. Өтетін мерекелік шаралардың барлығы онлайн форматта ұйымдастырылмақ. 

Балалар базарлыққа қарық болмақ


Бұл жақта қысқы мерекені атап өтуге едәуір қомақты қаржы бөлінген. Аудан әкімінің орынбасары Елена Старенкованың сөзінше, биыл 1 млн 680 мың теңге бөлініп, жаңажылдық шаралар жоспарланған.
- Жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың шешіміне сәйкес Жаңа жылды өткізу үшін білім беру мекемелерінде көпбалалы отбасылардан шыққан 168 балаға, мүгедектер мен жетім балаларға 1 млн 680 мың теңгеге, сондай-ақ, аз қамтылған, көпбалалы және әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан 315 балаға демеушілік көмек есебінен (шаруа қожалықтарының басшылары, жеке кәсіпкерлер, ата-аналар комитеті, ардагерлер кеңесі) 945 мың теңгеге жаңажылдық сыйлықтар сатып алу жоспарлануда, - дейді аудан әкімінің орынбасары Елена Старенкова.
Оның сөзіне сүйенсек, Глубокое кентінің орталық алаңына демеушілік қаражат есебінен сатып алынған табиғи шырша орнатылады. Иә, шектеу шараларының жалғасуы әр аудан әкімдігінің мереке қарсаңында құрған жос-парын өзгертетіндігі сөзсіз. Глубокоелықтар да осыны есепке алып, шектеулер жалғасқан жағдайда әкімнің шыршасы өткізілмейтіндігін алға тартуда. Десе де, санитарлық нормаларды сақтай отырып, жаңажылдық кейіпкерлер - Аяз ата мен Ақшақар үйді-үйлерге сырты көркемдеп безендірілген сыйлықтарды үлестіретін көрінеді. 

20-31 желтоқсан аралығында Мәдениет үйлерінде Жаңа жылды қарсы алуға арналған онлайн іс-шаралар қолға алынбақ:
  • Аяз ата мен Ақшақардың құттықтауы;
  • "Жаңажылдық қаптан тосынсый"  - өз қолымен жасаған жаңажылдық сыйлық конкурсы (мектеп жасындағы балалар арасында);
  • "Жаңажылдық ошақ" - отбасы болып жаңажылдық дәстүрді көрсете отырып, отбасылық шеңберде өткізілетін байқау;
  • Жастар арасындағы "Мен - Аяз ата" байқауы;
  • "Жаңа жыл құтты болсын!" атты көпбалалы отбасыларға арналған Аяз ата мен Ақшақардың құттықтауы (аудандық акция);
  • 26-27 желтоқсанда Дене шынықтыру және спорт тақырыбында ең үздік онлайн өлең байқауы;
  • Жаңа жылға және қысқы спорт түрлеріне арналған үздік сурет байқауы өтеді.
Аудан әкімдігі ұсынған мәліметке сүйенсек, 30-шы желтоқсан күні мүмкіндігі шектеулі балаларды құттықтап, естелік сыйлықтар тапсыру жоспарлануда.
- Орталық алаңда тұрғындардың топталуын болдырмау мақсатында мерекелік отшашу болмайды. Жаңа жылға арналған барлық шаралар онлайн режимде өтеді, - дейді Елена Васильевна.

Күршім ауданы онлайн концертпен шектелмек


Күршім ауданында Жаңа жыл мерекесін атап өтуге жергілікті бюджеттен қаржы бөлінбепті. 
- Ауданда Жаңа жыл мерекесін атап өтуге жергілікті бюджеттен қаржы бөлінбеді. Сонымен қатар, пандемияға байланысты қайырымдылық шаралары да ұйымдастырылмайды. Аудан орталығындағы орталық алаңға шырша орнату үшін қаржы бөлінген жоқ, - дейді Күршім ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Шораяқов.
Оның айтуынша, биыл ауданда ешқандай мерекелік шаралар өтпейді екен.
- Биыл карантиндік шектеулерге байланысты отшашулар өтпейді. Жаңа жыл мерекесін атап өтуге байланысты 30 желтоқсанда сағат 11.00 де Қ. Тұрар атындағы мәдениет үйінде онлайн концерт өткізіледі, - дейді ауданы әкімінің орынбасары.

Следующая →