Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Аян Қалымбек
Ақпарат көзі:
Устинка

Алаштың ақындары Ұланда айтысты

Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаровтың 100 жылдығын атап өтті

Өзге аймақ пен басқа ауданды қайдам, Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында қасиетті де қастерлі Азаттық мерекесінің ізінше қатар келетін тағы бір той бар. Ол - Кеңес одағының шығыс өңірінен шыққан тұңғыш батыры, халық қаһарманы, жерлесіміз Төлеген Тоқтартегінің 19 желтоқсанға сәйкес келген туған күні.

Ұлан ауданы Тышқан жылын өздері үшін өте жоғары жетістікпен, асқақ абыроймен қорытындылады. Мерейінің үстем болмағының жөні де бар. Алаштың ақиық ақындарына ат шаптырып шақырту жіберіп, Сырдан да қырдан да, Шымнан да, тыңнан да, Арқадан да, қалқадан да азулы айтыскерлерді алдырып, дүбірлі той жасап, айтыссүйер қауымның құмарын бір қандырды. "Айтыс көрермендер үшін онлайн болады" деп жарнамаланғанның өзінде аудандық мәдениет үйінің залына халық толып алды. Жыр додасының құрметті қонағы, Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың иегері, әнші, сазгер Алтынбек Қоразбаев қазылар алқасының төрағасы болып сайланды. Киелі Семей топырағынан шыққан жас ақындарға ұстаз болып жүрген, кезінде сан жүйріктің терін алып, баптап шығарған Дәмеш Омарбаева; ақын, журналист, облыс әкімі сыйлығының иегері Мұрат Тастағанов; айтыскер ақын, "Дидар" газетінің тілшісі Серік Құсанбаев; ақын, әнші, Ұлан ауданының депутаты Нұртай Тілеужан қазылар алқасының мүшелігінде аламанды қыздырған жүйріктерге бағаларын беріп отырды.

Батыр рухын тірілткен дүбірлі той


Ұлан ауданының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қолдауымен және Мәдениет бөлімінің бастамасымен Қасым Қайсентегі кентінің шығармашылық сарайында өткен шайырлардың сөз сайысында Қызылорда, Шымкент, Ақмола облысынан, Семей, Зайсан, Өскемен қаласынан ат арылтып келген 12 дүлдүл бақ сынады. Бірінші жұп болып заманында "облыстың бас ақыны" атанған Қалихан Алтынбаевтың жерлесі, Көкпекті топырағында туып-өскен, жарысқа Семей қаласы атынан шыққан Жасұлан Мақаев пен өр Алтайда туып, атамекенге оралған, Зайсанның намысын жыртып, абыройын қорғап жүрген азулы ақын Ардабек Ақбаба айтысты. Екінші болып сахнаға көтерілген Көкпекті ауданының Көкжота ауылының тумасы Аян Советұлы мен Бай-Өлке аймағынан келіп Семейде оқып жатқан Қабдолла Бейісхан құрдастардың айтысын жасады. Өткен айда елордада өткен республикалық "Алтын домбыра" айтысында шығыстың намысын қорғап, жүлделі 3-орынды қанжығасына байлаған, биылдың күзінен бастап Ұлан ауданының мәдениет саласында қызмет атқарып жүрген Серік Қуанған мен ақындық, ұстаздық, асабалық, күйшілікті қатар алған сегіз қырлы бір сырлы Қуаныш Еркінұлы үшінші болып сөз қағыстырды, ой жарыстырды, айтыстың сәнін кіргізді. Төртінші жұпта қыз бен жігіт айтысының перісі, семейлік Манарбек Сатыбалды мен Қызылорда өңірінің тумасы, Сыр сүлейлерінің сарқыты, республикалық талай айтыстарда өнер көрсетіп жүрген Ержан Әміров айтыстың шырайын ашты. Аягөзден шыққан, бұл күні Өскеменнің ақынына айналған Нұржан Жолбарыс пен Ақмола облысынан ат терлетіп келген адуынды Ерлан Дәулет бесінші болып сөз көкпарын тартысты.

"Герасимовка аталсын Тоқтаров деп"


Халықты желпіндіріп серпілтіп, арқасын қоздырған нағыз қызық шайқас - соңғы жұптың айтысы болды. Жүрсіннің кезіндегі жүйрігі мен қазіргі тұйғыны үзеңгі қағыстырды.

айтыс репортаж - суретті автор ұсынды (1).jpg

Көкпектінің көкжалы, сыралғы ақын Фархат Маратұлы мен бойы мен ойы бірдей, айтыс сахнасында өзіндік орны бар Шымкенттің шайыры Қалижан Білдәш сөз бәйгесінің көркін қыздырды. Қалижан:

- "... Ауылдық округты беріпсіздер
Қайдағы жоқ көккөзбен жанастырып,
Өз ауылы орыстың атында тұр
Ол қазаққа болмай ма оғаш қылық?!
Округтың орталығын беріңіздер
Жарқыратып жақсыға жарас-
тырып,
Төлегендей батырға қимайтындай
Герасимнен көріп ең не жақсылық?", - дей келе:
"... Қырғилық танытқанмен не пайда бар
Қадіріне жетпесең қыраныңның?!
Жаңағы мен көтерген мәселенің
Шешеді жауабы мен сұрауын кім?
Төлеген Тоқтаровтай тұлғалардың
Ерлігін жарты әлемнен ұға білгін.
Бір облысқа ақын боп не қыласың
Атын әпере алмасаң бір ауылдың?!", - деп 100 жылдық дүбірлі тойы өтіп жатқан Төлеген Тоқтаров батырдың есімін қазіргі Герасимовка ауы-лына беру керектігін шегелеп айтты. Естір құлақ болса, ұлыларымызды ұлықтаймыз деген басшыларға керемет ұсыныс. Оған қарсыласы Фархат:

- "...Біз де іштей жалындап, маздап тұрмыз,
Жанартаудай жарылуға аз қап тұрмыз.
Герасим, Багратион, Саратовка,
Таврия, Украинка, Донское,
Намыстан жанып кете жаздап тұрмыз.
Бірақ бізде оларға уақыт та жоқ
Біз қазір Пушкин менен газ боп тұрмыз.
Былтыр ғана Зырянды Алтай қылды,
Соған әлі көктем мен жаз боп тұрмыз,
Бізде де қазақтану боп жатыр деп,
Бір жыл бойы соны жуып мәз боп тұрмыз!", - деп ұтымды жауап қайырды. Облыста ұлттық идеология қолға дұрыс алынбағанын, басшылар жалаң желеумен бір шаруаны тындырып қойып, соның буына бір жыл бойы масаттанып жүретіндігін бір ғана шумаққа сыйдырып, зіл-әзілмен түйреп өтті.

айтыс репортаж - суретті автор ұсынды (8).jpg

Сағат таңғы 11.00-де бастал-ған ақындар аламаны сағат тілі кешкі 17.00-ді көрсеткенде ғана мәресіне жетті. Бас жүлдені - Қызылорда облысының дүлдүлі Ержан Әміров алса, 1-орынды Зайсан ауданының арғымағы Ардабек Ақбаба еншіледі. 2-орын - Арқаның арқалы ақыны Ерлан Дәулетке бұйырса, Семейден келген ең жас айтыскер Қабдолла Бейісхан 3-орынды қанжығалады. Шымкенттік Қалижан Білдәш пен көкпектілік Фархат Маратұлына арнайы жүлде табысталып, қалған ақындар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Қырағы көзді, өткір сақ құлақты жиылған жұрт Көкпекті ауданынан шыққан үш бірдей ақынның бір айтыста бақ пен бап жарыстырғанын да жыр қылып айтып жүрді.

Сайыс соңында Ұлан ауданының басшылығы келер жылы наурызда бұдан да ауқымды түрде, бұдан да үлкен айтыс өткізу жоспарда бар екенін мәлімдеді. Ұлттық өнерімізді насихаттауды борышым деп білетін жандардың көбейіп келе жатқанына айтыскер ақындар да, ақсүйек өнердің адал жанкүйерлері де қуанбаса ренжімейді.

айтыс репортаж - суретті автор ұсынды (10).jpg

Следующая →