Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Аян Қалымбек
Ақпарат көзі:
Устинка

Еріктілер біреудің бұйрығымен жүретін "барып кел, шауып кел" емес

Елімізде 16 мыңнан астам белсенді еріктілер бар

"Волонтер болдым дегенше, арам тер болдым десеңші!". Иә, бәріміз тура осылай ойладық. Біреулер әлі ойлап жүрген шығар. Себебі еріктілер десе болды, көз алдымызға үстеріне бірыңғай ақ, көк, сары түсті жейде я күрте, бастарына бірдей қалпақ киген, қолдарына жалау ұстап "массовкада" тұратын студенттер келе қалатын. Неменелеріне жетісіп, ақ тер, көк тер болып шапқылап, жан ұшырып жүгіреді де жүреді деп сырттай қыжыртып, сынап-мінеп, өзімізше тон пішіп отыратынбыз. Сөйтсек, олай пайымдаудың дәурені өткен екен.

Қазақстан Республикасының Президенті 2020 жылды – "Еріктілер жылы" деп жариялағанын құлағы бар жалпақ жұрт естіді, көзі қарақты халық газет пен сайт беттерінен оқыды. Жыл басында Нұр-Сұлтан қаласында "Birgemiz" атты республикалық фронт-кеңсенің ресми ашылуы өтті.
- Еріктілік – бұл мемлекет пен жалпы қоғам дамуының көрсеткіші. Елдің жетістіктері мен жеңістері күнделікті пайдалы және маңызды істерді орындайтын патриот азаматтардың белсенді әрекеттеріне тікелей байланысты. Бізде ондай азаматтар өте көп, 16 мың адам – бұл бастапқы сан ғана. Мен кем дегенде 100 мың, мүмкін миллиондаған адамдар өзінің жан дүниесімен шын беріліп, өз еркімен волонтерлықпен айналысуға дайын екендігіне сенімдімін. Мемлекеттің атқарушы органдарының, сондай-ақ Парламент депутаттарының міндеті – еріктілер қозғалысына қатысуға көмектесу. Біз мұны жасаймыз, - деген болатын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ең әуелі ерікті дегеннің кім, олардың әлемдегі белсенділігі қандай және қоғамға қаншалықты пайдалы екендігіне бір тоқталып өтейік. Ғаламтор бетіндегі деректерге сүйенсек, волонтерлар дүниежүзіне өте кең таралып, үлкен бір күшке, әлеуметік белсенді топқа айналды. Бүгінгі таңда жаһан бойынша 1 миллиардқа жуық адам ерікті болса, біздің елімізде 16 мың төңірегінде екен. Сонымен қатар, әлемдік жалпы ішкі өнімнің 2,5%-ы – еріктілер еңбегінің нәтижесі. Бірқатар елде еріктілерді ерекше сыйлайтындықтан олар үлкен құрметке ие.

"Жақсылық – кереңнің ести алатын, соқырдың көре алатын дүниесі" деп Марк Твен айтқан екен. Ал біздің қазақ "Жасаған жақсылығың біреуден қайтпаса да, құдайдан қайтады", "Таспен атқанды - аспен ат", "Алаған қолым береген", "Оң қолыңның бергенін сол қолың көрмесін" деп әрдайым қайырымды болуды, пендеге жасаған жақсы амалдарды бұлдамауды, кек сақтамауды, біреуге қайырымдылық қылған адам рахатын көбірек алатынын, сол адамның өзінен қайтпаса да, құдайдан шарапат болып қайтатынын айтып отырған.

Жақсылық жасап жарысуда жазушылар мен ақындар,  журналистер мен ұлт жанашырлары айтпақшы Алтай облысы мен 1000 жылдық тарихы бар Өскемен қаласының жастары да қалысып жатқан жоқ. Жалпы Өскемен қаласында 15 шақты еріктілер ұйымы бар. Алайда олардың тек бес-алтауы қалалық деңгейде жұмыс істейді. Қалған ұйымдар университет, колледж, мектеп ішінен құрылғандықтан ішінара оқушылардың мүшелігімен ғана шараларын атқарады. Ағымдағы жылы көзге түскен, көп істердің басы-қасында жүрген Nur Otan партиясы жанынан құрылған "Адал Өскемен", 2014 жылы Алматы қаласындағы әл-Фараби университетінде іргетасы қаланған "Қазақстан волонтерлар лигасы" қоғамдық қорының Өскемен қалалық филиалы, іс-түссіз жоғалған адамдарды іздеуге бағытталған "Lider.kz" және облыстық "Достық үйі – Қоғамдық келісім" орталығының ішінен құрылған еріктілер ұйымы болды.

Шығыста 1200 ерікті жұмыс істеп жүр



Шынтуайтында, еріктілердің қалай жұмыс істейтінін, қазір волонтерларға деген қоғамның көзқарасы қай жаққа өзгергенін осы саланың өкілінің өзінен білу үшін, Президент бастамасымен құрылған республикалық еріктілер лигасының шығыстағы филиалынына жетекшілік ететін Айбота Шанжың қарындасымызды әңгімеге тартып көрдік.
- "Қазақстан  волонтерлар лигасы" қоғамдық қорының Өскемен қалалық филиалы мүшелігіне шығыс өңірі бойынша 1200 адам ресми тіркелген. Қала көлемінде 200-ден астам ерікті жұмыс істеп жүр. Үш университет, екі колледж ректорларымен меморандумға отырғанбыз. Яғни, қажет болған жағдайда келісімшартқа сәйкес олар бізге көмек қолын созуға міндетті. Тиісінше біз де аянып қалмай, бірлесе отырып шаруалар тындырамыз. Еріктілер ешқандай мекемеден не болмаса жеке тұлғалардан ақша алмайды, оларға еңбекақы тағайындалмаған. Аты айтып тұрғандай, кім немен айналысса да өз еркімен, саналы түрде, жүрек қалауымен айналысады, - дейді Өскемен еріктілер лигасының төрайымы.
"Қазақстан Волонтерлар Лигасы" қоғамдық қорының бүгінгі таңда 20 000 волонтерлық базасы бар. Әлеуметтік, денсаулық, білім, экологиялық бағыт және өзін-өзі дамыту салалары бойынша 10 мыңнан астам ерікті жұмыс істейді. Өскемен қаласы филиалының ресми түрде жұмыс жасап жатқанына биыл 1 жыл толады. Бір жыл біреуге көп, біреуге аз уақыт болса да бұл ұйымның атқарған шаруасы, көрсеткен қамқорлығы мен игі істері әжептәуір. Қала көлемінде ірі науқандар ұйымдастырып, халыққа қамқоршы болғысы келетіндіктерін танытты. Еріктілер лигасының мүшелігінде қазірдің өзінде 1000-ға жуық қыз-жігіттер бар. Өскемен қаласының мектеп, колледж, университет оқушылары мен студенттері, сондай-ақ 14-50 жас аралығындағы кез келген ниет білдіруші бұл ұйымның ресми мүшесі бола алады. Күршім мен Зайсан ауданында да еріктілер өз қызметтерін абыроймен атқаруда. Ұйым мүшелерінің айтуынша, алдағы уақытта шығыс аймағының тағы да басқа аудан орталықтарынан Еріктілер лигасының бөлімшелері ашылып, жетекшілер сайланып, өз жұмыстарын бастамақ.  Ерік-жігерін, күш-қуатын, жүрек жылуын, қажыр-қайратын құр босқа сарп етпей, пайдалы дүниеге жұмсаймын деген жан болса, аталмыш ұйымның 7 бағыты бойынша көңілі қалаған ісімен айналыса алуға, таңдауға мүмкіндік бар. Олар:

- Birgemiz: Bilim
- Birgemiz: Saylyq
- Birgemiz: Asyl mura
- Birgemiz: Sabaqtastyq
- Birgemiz: Taza Alem
- Birgemiz: Qamqor
- Birgemiz: Umit.

Әр жыл сайын Өскемен қаласы әкімінің марапатын алу үшін ұйымдастырылатын форумда биыл "Қазақстан Волонтерлар Лигасы" қоғамдық қорының Өскемен қалалық филиалы "Үздік волонтерлық ұйым" деп танылды. Жыл көлемінде атқарылған жұмыстар легі мынадай: "Үміт артқан көзінен", "Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған", "Қартым - қазынам" атты балалар мен қарттарға арналған қайырымдылық науқаны.  "Төтенше жағдай кезінде..." науқаны аясында еріктілер ТЖБ қызметкерлерімен бірлесіп рейд жұмыстарын жүргізіп, қауіптің алдын алу шараларына қатысты. "Таза қала» эко-сенбілік" шеңберінде кең көлемде қалалық сенбілік ұйымдастырылды. "Дәрігерлерге рахмет" науқаны кезінде Өскемендегі халық көп жүретін аспалы жаяу жүргіншілер өткеліне пандемия кезінде аурумен күрескен дәрігерлердің суреттерін іліп, ел атынан алғыстарын білдірді. Бұдан басқа "Шырайлы Шығысым - мақтанышым", "Біліммен биікке", "Жақынына жанашыр бол" науқандары өткізіліп, ерікті жастар онлайн түрінде болса да еңбектеніп жатты.

"Автобус тегін болса ғой"


- Өзім жетекшілік ететін ұйымның ерікті жастары ешқандай мекемеге, ешбір адамға бағынбайды, қандай да бір мемлекеттік органның пәрменін орындамайды. Кейде қалалық әкімдік сияқты бізді өз мақсаттарына пайдаланғысы келетіндер де табылады. Алайда волонтерлар біреудің айдағанымен, бұйрығымен жүретін «барып кел, шауып кел» емес. Бізге де қолдау қажет. Қанша жерден ерікті болып, ел үшін, мемлекет үшін жан қалауымен қызмет қылып жүрсек те, көмекке зәру кездер болады. Еріктілер – жастар, оқушылар мен студенттер. Менің қынжылатыным, олардың еткен еңбектерін көзбен көре отырып, кейбір билік өкілдері көз жұма қарайды. "Еріктілерге рақмет, пандемия кезінде дәрігерлерден кейінгі екінші орынды құрметке лайық болды, орасан зор жақсылық жасады" деп құр сөзбен қуырдақ қуырып мақтай беретіндер көп. Ең болмағанда еріктілер қоғамдық көліктерде тегін яки 50% жеңілдікпен жүре алса ғой. Өйткені бір жерге бару үшін 2, 3 автобус ауыстыруға тура келеді, - деп сырын ақтарды төрайым Айбота қарындасымыз.
Кішкентай деген Өскеменнің өзінде осындай мәселе туындап отырса, Алматы, Шымкент секілді ірі мегаполис қалаларда жастардың қала ішінде қозғалуы тіпті күрделі шығар.
Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Еріктілер Марапат