Тамақтануға келген мәрт кісі көп мөлшерде шайпұл қалдырып кеткен
АҚШ-тың Огайо штатында бір дәмханадан тамақтанған ер адам мейрамхананың 28 жұмысшысының әрқайсына 200 доллардан шайпұл қалдырып кеткен
Толедо қаласындағы Souk Mediterranean Kitchen мейрамханасына жомарт америкалық қалдырған жалпы есебі 5600 доллар болатын шайпұлды 28 қызметкер өзара бөліп алды.
Следующая →
- Пандемия біздің мейрамханамызға өте көп әсерін тигізді. Алайда біз аяққа тұру үшін, жабылып қалмау үшін барымызды салдық. Сөйткенде әлгіндей қолы ашық мәрт адам келіп, барлық жұмысшыларымызға жететіндей 5 мың 600 доллар пұл қалдырып кетеді, - дейді дәмхана қожайыны және бас аспаз Мусса Салух.Сонымен қатар Мусса Салух карантин жағдайының қиындығы соншалық, бірқатар қызметкерлеріміз жаңа жылдық шырша құруға мұршалары келмеді. Отбасына сыйлық алуға жағдайы жетпеді. Ал жаңағыдай шайпұл оларға қаржылай демеу болары сөзсіз.