Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен сақшылары алаяқтықтың ең танымал 5 жүйесін атады

Өскемен полиция басқармасының дерегіне сүйенсек, қала тұрғындары ғаламтор қаскөйлеріне 60 миллион теңгеге алданып ақшаларын беріп қойған

Бірінші орында телефон арқылы жасалатын алаяқтық болып тұр. Алаяқтар өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, жәбірленушілерден құпия ақпараттың бәрін сұрап біліп алады.
- Қоңыраулар клиенттің картасынан аударым жасалғандай, жасалған схема бойынша жасалады. Білмейтін қала тұрғындары өз деректерін айта салады және карталарынан оп-оңай ақша аударып жібереді. Бұл факт бойынша жалпы шығын мөлшері 21 миллион 682 мың теңгені құрайды, - деп хабарлады Өскемен полиция бөлімінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, алаяқтық құрбандарының көпшілігі, полиция атап өткендей, қырық және одан жоғары жастағы адамдар. Қоңырау шалған кезде, алаяқтар жәбірленушіге "шотыңызды бұзып алғалы жатыр" деп қорқытып, банк карталарын, оның артындағы үш таңбалы кодты қоса беруін сұрайды. Дүрбелеңге түскен адамдар арандатушылыққа бой алдырып, ақшаларын жоғалтады.

Екінші орынды автокөлік сататын сайттарда жұмыс жасайтын қылмыскерлер алды. Көбінесе көлік немесе қосалқы бөлшек сатып алғанда, алаяқтар алдын-ала төлем сұрайды немесе алдын-ала төлемді есепшотқа салып жіберемз деп өтірік уәде береді. Осы жүйе бойынша Өскемен қаласының тұрғындары 15 миллион теңге жоғалтқан.

Үшінші орынды кәсіпті алға жылжытатын түрлі қызметтер алады. Алаяқ белгілі бір жерге ақша салуға және одан дивиденд алуға шақырады.
- Бір жәбірленуші жоғары табыс табамын деген үмітпен миллионнан астам теңге салған. Мұнда психологиялық деңгейде өте білімді, білікті, кәсіби алаяқтар жиі жұмыс істейтінін айта кету керек. Келтірілген шығын 11 миллион 785 мың теңге, - деп түсіндірді Өскемен қалалық полиция басқарма басшысының орынбасары Ғалымбек Тұрысбеков.
Шағын несиелік ұйымдарда қала тұрғындары 9 миллион 151 мың теңге шығынға батқан. Алаяқтықтың бұл түрі төртінші орында тұр. Пандемия кезінде қиын жағдайға тап болғандар кірістерін ақтай алмай, қажетті соманы беретін қарыз берушілердің қызметтерін пайдаланды. Несиені төлегеннен кейін де, клиенттің әлі де төленбеген көп қаржысы бар болып шықты.
- Қарыз алушының деректерін қолына түсірген алаяқ-қаскөйлер ғаламтор боынша қарыз ала алады. Егер кім де кім өзіне жасалған алаяқтықтың құрбаны деп танылған кезде, ол сотқа барып шағымдануға құқылы. Сол кезде сот қарыз беруші ұйыммен жасалған мәмілені жарамсыз деп тануы мүмкін, - деп түсіндірді Ғалымбек Тұрысбеков.
Бесінші орынды 7 миллион 474 мың теңге залал келтірген әртүрлі сайттар мен әлеуметтік желілердегі сатып алу-сату операциялары алады.

Следующая →