Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Алишер Кабдуалиев
Ақпарат көзі:
Устинка

Француз белсендісі өз тобымен Эверестті тонна қоқыстан тазартты

Қоршаған ортаның, әлем экологиясының тазалығына үлес қосып жүрген белсенді Марион Шайньо Дюпюи 3 жылдан астам уақыт бойы Гималайға келушілердің қалдырып кеткен қоқысын жинап, Эверест шыңын тазалаумен айналысып келеді

"Таза Эверест" жобасын қолға алған 2016 жылдан бастап Марион және оның жақтастары таудан 8 жарым тонна қоқыс жинаған, деп хабарлайды МиР 24 сайты.
39 жастағы альпинистің өзі Эверест шыңына сәтті шығып түсетін жандардың бірі. Соңғы 17 жыл ішінде ол гид болып жұмыс істеп, тауда өмір сүрген. Алты жыл бұрын Марион шыңға шыққан кезде, соңғы 30 жыл ішінде экспедициялар әлемдегі ең биік тауды қаншалықты ластағанын түсінді.
- Эверестке шыққан адам табиғаттың ең таза  бейнесін көруі керек. Бірақ 2013 жылы мен шыңға шыққан кезде тауда 30 жылда жасалған қаншама саяхаттар тауды ластағанын түсіндім. Тек шыңның өзіне шамамен 10 тонна  тасталған деп есептедім! - дейді альпинист.
"Таза Эверест" жобасын құрғаннан кейін ол жергілікті билікті бұл бастаманы қолдауға шақырды. Олар оған экологиялық белсенді топтың жиналған қалдықтарды тау бөктеріне түсіруін жеңілдететін 50 арба берді. Марион Гималай тауларының ластануы Қытай мен Үндістанның аңғарларында тұратын екі миллиардқа жуық адам пайдаланатын ауыз суға әсер етіп жатқанын атап өтті. Сондықтан бұл күрес тек таза таулар мен табиғатты қорғау үшін ғана емес, сонымен бірге осы аймақта тұратындардың өмір сүру сапасы үшін де жүреді.

Следующая →