Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Аягөздегі ауылдарға ауызсу қашан тартылады?

Келер жылы Аягөз ауданына қарасты алты елді мекенге ауызсу тартылмақ. Бұл туралы аудан әкімі мәлім етті

Бүгінде Аягөз ауданында 50 ауылдық елді мекен бар. Аудан әкімінің айтуынша, оның 39-ы ғана сумен қамтылған.
- Сумен қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Мысалы, Ақшаулы ауылында су тарту және су құбыры желілерінің құрылысы жүргізілуде. Жоба бойынша 16,4 км су құбыры желілері салынды. Ал ауыз су тәулік бойы беріледі. "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы аясында Батпақ елді мекеніндегі ауыз су құбырына ағымдағы жөндеу жүргізілді. Ал Ақтүбек, Ақклет, Қопа, Қарабұлақ және Желдіқара ауылдарында блокты-модульді станциялар орнатылды, - дейді аудан әкімі Сейілбек Ысқақов.
Сондай-ақ, Байқошқар және Қорық ауылдарында Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясымен су тарту және су құбыры желілерінің құрылысы аяқталды. Жоба сараптамасын алу мерзімі ағымдағы жылдың соңына белгіленген. 2021 жылы Ай, Ақтас, Биесимас, Ортаарал, Ақшоқы және Ескенебулаги ауылдарында блокты-модульді станцияларды орнату жоспарлануда.
Следующая →