Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Алтай ауданында "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында 54 жоба іске асырылды
- Іс жүзінде барлық салалар қамтылды. 1,4 млрд теңгеге 54 жоба іске асырылды. 439 уақытша жұмыс орны құрылды. Оның ішінде 263-і аудандық жұмыспен қамту орталықтары арқылы құрылса, 45-і тұрақты жұмыс орындары. ТКШ жол инфрақұрылымы, аумақтарды абаттандыру саласында жалпы сомасы 1150,6 млн теңгеге 32 жоба іске асырылды. Оның ішінде көппәтерлі үйдегі 2 лифт ауыстырылып, жылумен жабдықтау объектілерінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алтай қаласында 9 жолға және Серебрянск қаласында 2 жолға орташа жөндеу жүргізілді. 30 жылдан астам уақыт ішінде алғаш рет Алтай және Серебрянск қалаласындағы үйлердің аулаларын абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды, - дейді Алтай ауданының әкімі Қалиқан Байғонысов.Аудан әкімінің сөзіне сүйенсек, Жаңа Бұқтырма кенті мен Парыгино ауылының Мәдениет үйіне жөндеу жұмыстары жүргізіліпті.
- 292,2 млн теңге сомасына ауданның әлеуметтік саласының 22 объектісіне: білім беру және спорт нысандарының шатырлары жөнделіп, жылыту жұмыстары және мектептерде жылы санитарлық тораптарды орнату жұмыстары жүргізілді. Жаңа Бұқтырма кенті мен Парыгино ауылының Мәдениет үйлеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Су тасқыны жағдайының алдын алу шеңберінде ауданда шағын өзендерде жағалауды нығайту және түбін тереңдету жұмыстары жүзеге асырылды, - дейді аудан әкімі.