Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Ксения Крестовских
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемендегі Nur Otan партиясы филиалының сайлауалды штабы жұмысын бастады

Штабтың ашылу салтанатында сайлаушыларға 10 қаңтар күні дауыс беретін Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткерлердің барлығы таныстырылды

ҚР-дағы үгітнасихат кампаниясы 2021 жылдың 8 қаңтарына дейін жалғасады, ал келесі  " тыныштық күні "  болып табылады, яғни, әр қазақстандық қай партияға дауыс беретінін нақты ойланатын күн, деп хабарлайды  Устинка LIVE тілшісі.

Nur Otan фракциясынан қатысып отырған халық қалаулысына 36 үміткер тұлғаның барлығы да партияішілік сайлауда көп дауыс жинаған қоғамдық пікір көшбасшылары. Праймериз кезінде олар өз міндеттерін, өздерінің бүкіл ел, өңір, жекелей қала немесе аудан деңгейінде заңнамалық  тұрғыда шешімін тапқысы келген мәселелерін көтеріп, оны шешу жолдарын ұсынды. Партияластары оларға құлақ түріп, ең маңызды әрі өзекті мақсаттарды таңдады. Ары қарай келесі шақырылымға дейінгі бес жылға жоспарланған  Nur Otan үміткерлері фракциясының сайлауалды бағдарламасын әзірлеу басталды.

- Бұл жыл барлығымыз үшін сынаққа толы болды, - деп атап өтті қоғамдық штабтың ашылу салтанаты кезінде  Өскемен қаласындағы Nur Otan партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Жакупов. - Коронавирус падемиясы біздің мемлекетіміздің басты құндылығы – адамның өмірі мен денсаулығы екенін дәлелдеді.  Nur Otan партиясы қаламызды қауіпсіз әрі өмір сүруге қолайлы ете түсу үшін экономиканың тұрақты дамуы, жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ету үшін күш салады. Біз бұл мақсатқа қалай жету керек екенін анық білеміз!

Облыс орталығындағы сайлауалды штабта үгіт-насихат шараларының жүйелі кестесі құрылған – бір айға жуық уақыт ішінде 269 кездесу, дөңгелек үстел отырысы, флеш-мобтар мен түрлі қызықты акицялар өткізілмек. Оның 122-сі көзбе-көз өткізілетін шаралар. Әрине, барлық санитарлыұ-эпидемиологиялақ талаптарды сақтай отырып. Онлайн режимде өтетін 147 шара 15 мыңнан астам адамды қамтиды деп жоспарланған.

- Біз әр сайлаушыға біздің сайлауалды бағдарламамызды таныстыруымыз керек, - дейді Штаб төрағасы Сергей Коротин. - Бағдарлама ауқымды, қызықты әрі Өскемендегі әр саланың дамуын көздейді – экономикадан бастап мәдениет, тарих және жастар тәрбиесімен аяқталады.  Nur Otan партиясы тұрғын үй құрылысын талап ететін болады. Қазіргі уақытта 11 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр, оның 343-і көпбалалы отбасылар. Бес жыл ішінде 148 көпқабатты, 3,5 мың жер үй тұрғызылады. 15461 адам өз баспанасына қол жеткізеді. Жаңа жолдар мен саябақтар, жылу, таза сумен қамтамасыз ету, жарықтандыру және тағы да басқалар. Қалада көп дүние жасалды, халық оны көріп отыр және оң өзгерістерді қолдайды.  Әрқайсы ешкім оған бейжай қарамйтынын, өмірінің жайлы әрі жақсы болуына алаңдайтынын түсінуі үшін осы беталысты тоқтатпау керек.

Сайлауалды штаб жанындағы қоғамдық қабылдау да жұмысын бастады. Оған он шақты өскемендік өз мәселелерімен жүгініп те үлгерген.

- Олар отып, жарық және су мәселелері бойынша жүгінген ардагерлер, зейнеткерлер мен өзге де қала тұрғындары.  Адамдар Nur Otan партиясына сенім артады, ал партия олардың сенімін ақтайды! - дейді Сергей Коротин.

"Nur Otan" партиясының Өскемен қалалық филиалының Сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.

Следующая →