Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Мал ауырса, шаруа шығынға батады

Жұмағали Кәдірбаев 40 жылдан астам уақыт бойы мал дәрігері болып қызмет етуде

Бүгінде қарапайым мал дәрігерлеріне жүктелген жауапкершілік артпаса, кеміген жоқ. "Ауру - астан" дегендей, ет өнімінен келер қауіп те жоқ емес. Сондықтан да төрт түліктің саулығы мал дәрігерлерінің мойнында екенін еске сала кеткеніміз жөн. Себебі олар малдан тарайтын індеттің алдын алып, астың алалдығы мен тазалығына баса мән береді. Осы салада 40 жылдан артық еңбек етіп келе жатқан күршімдік мал дәрігері Жұмағали Кәдірбаев қызығы мен қиыншылығы мол мал дәрігерлік қызметі жайлы мол мағлұмат берді. 

Ауыл шаруашылығын дамыту үшін үкімет тарапынан мал дәрігерлік мамандығына қолдау көрсету жайлы сөз жиі айтылады. Себебі мал ауырса, ауыл шаруашылығы саласы шаш етектен шығынға батып қана қоймай, ауру адамға да жұғып, халық өміріне қауіп төндірері хақ. Оның үстіне, бүгінде төрт түліктен тарайтын аурудың түрлері де азаймай тұр. 


Қой бағуды емес, ой бағуды көздейді



"Сен істі сүйсең ғана іс саған бас иеді" демекші, мал дәрігері болу үшін де білімділік пен біліктілік, сонымен бірге жан-жануарға деген көңіл қажет. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз де өмірін осы салаға арнап, ұзақ жылдар бойы тер төккен жан. Күршім ауданы Ленин кенішінде дүниеге келген қойшы баласы қой бағуды емес, ой бағуды көздеген. 
- 1958 жылдары кеніш тоқырап кеткендіктен Топтерек ауылына көшіп келдік. Ол ауылда 8 сыныптық мектепті бітіріп, аудан орталығындағы №3 мектепке түстім. Осы жерде 10-сыныпты бітіргеннен кейін бірден совхозға жұмысқа тұрдым. Әкем совхоздың қойшысы болатын. Мен мал дәрігерінің көмекшісі болып, екі жылдай жұмыс істедім. Ол кездегі дәрігерлер шеттерінен білікті, білімді еді. Біз солардан көп нәрсе үйрендік. Екінші жағынан ата-бабамыз да мал бағып, ежелден келе жатқандықтан қазақтың кәсібі болғандықтан да жылдам үйреніп алдық деп ойлаймын, - дейді Жұмағали Кәдірбаев әңгімесін бастап.
Кейіпкеріміздің айтуынша, бұрын мал дәрігерінің мәртебебі де, жалақысы да айтарлықтай жақсы болыпты. Тіпті аталған мамандық иелеріне деген сұраныс ерекше болған көрінеді. 
- Бала күнімізде мал дәрігері келе жатыр дегенде бүкіл ауыл дайындалатын еді. Ол кезде әр колхозда қой, сиыр, жылқы көп болатын. Сондықтан болар осы мамандыққа сұраныс көп болды. Көмекші болып жүріп қан алу, ауруды анықтау, қошқар, бұқа, айғыр пішуді үрендім. Кейін институтқа емтихан тапсырып, түсе алмай қалдым. Сөйтіп, 1976 жылы "қайдасың армия" деп әскерге аттанып кеттік. Екі жыл Ресейде әскери борышымды өтедім. Әскери орында көзге түсіп, екі жылдық мерзім аяқталғаннан кейін Семей мал дәрігерлік институтының дайындық сыныбына жолдама алдым, - дейді ол әңгімесін жалғап.


Еңбек жолын туған жерінен бастады



Кейін Жұмағали Кәдірбаев Семей мал дәрігерлік институтына оқуға түседі. Сол жылдары аталған оқу ордасында бір факультеттің өзінде 10 группадай болыпты. Яғни, 250-ден астам студент білім алған. 
- Семей мал дәрігерлік инс-титутында дайындық сыныбын қосқанда алты жыл оқыдым. 4-курстан кейін бізді 6 айлық практикаға жеберді. Сабақты жақсы оқыған студенттер тәжірибеден өтетін орынды өздері таңдайды. Ал нашар оқығандарды оқу орыны кез келген жерге жібере салатын. 1981 жылы Күршім ауданында жаңадан Абай сов-хозы құрылды. Қойтас, Бурабай және Жылытау фермалары Абай совхозына қарайтын. Мен сонда барамын деп шештім. Сол кездерде әр фермада 16-17 мың қой, 500-600 жылқы, біраз сиыр болды. Үлкен дәрігерлермен бірге 6 ай бойы таңның атысы, кештің батысына қарамай жұмыс істедік, - дейді Жұмағали Кәдірбаев.
"Туған жерге туыңды тік" дегендей, ол 1984 жылы институтты тәмәмдап, Күршімге Абай совхозына ат басын бұрады. 
- Қолыма диплом алғаннан кейін Абай совхозына қайта оралдым. Алғашында ферманың мал дәрігері болдым. Бір жылдан кейін бас мал дәрігері лауазымына көтерілдім. Сөйтіп 1994 жылы үкіметтің бұйрығымен совхоз ыдырап, орталықтарында ветеринариялық бөлімдер ашылды. Мен сол бөлім жетекшісі болдым. Жұмыс тобымен осында біраз қызмет еттік. 1999 жылы үкімет бізді толықтай таратып жібергеннен кейін, жекеменшік мал дәрігері болып қалдық. Сонда да жұмысымызды тоқтатпадық, - дейді мал дәрігері.


Шәкірт тәрбиелей бастайды



2000 жылдары ауылды жерлерде жағдай өзгеріп, жұмыс табу қиынға соқты. Шамасы барлар қалаға қарай көшіп жатты. Кейіпкеріміз де осы тұста Ұланға қарай ойысады. 
- 2000 жылдары Өскемен қаласындағы Меновное ауылына көшіп келіп, "Доктор Айбалит" деген үлкен фермаға жұмысқа орналастым. Ахмер, Меновное және Самсоновка ауылдарына жауапты болдық. Сонда екі жылдай істедім. Ол кезде Меновноенің өзінен үш табын мал шығатын. Ал қазір әр табыннан 30-дан ғана мал қалды. Кейін 2004 жылдан 2012 жылға дейін жеке өзіміз жұмыс тобын құрып, тендерге қатыстық. Сол жылдары малға індет тарап жатқан. Бізге көмекші мамандар керек болды. Содан Саратов ауыл шаруашылығы колледжінің студенттерін өзімізге көмекші ретінде шақыра бастадық. Күніне 4-5 студентті алып, таң бозынан ауылдарды аралап кетеміз. Өзімнің білгенімді жастардан аяп қалмадым. Өз қолдарымен қан алғанды, екпе салғанды үйреттім. Балалар да өте ынталы болды.
Кейіпкеріміз кейін коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға жұмысқа орналасады. Десе де, ұстаз шәкірт тәрбиелеу ісін жалғастыра береді. 
- 2012 жылы мемлекет біздің лицензиямызды жинап алып, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға жұмысқа орналастырды. Жыл сайын менен іс-тәжірибеден өтетін шәкірттерімнің саны артып отырды. Тіпті сонау Қызылордадан арнайы келіп үйреніп жатады, - дейді Жұмағали Бұрнашұлы.
Дәрігер Жұмағали Бұрнашұлы қажет болғанда төрт түлікке ота да жасапты. Отаны адамға жасағанға қарағанда, малға жасаған әлдеқайда қиын екенін айтады ол. 
- Отаны адамға жасағанға қарағанда, малға жасаған әлдеқайда қиын. Оны жығып, аяқ-қолын байлап барып жасаймыз. Әйтпесе оқыстан шешіліп кетсе, өзіңді жазым қылады. Екіншіден, ота жасаған жерді мал тістелеп тырнап тастайды. Сондықтан малға ота жасағанда ерекше мұқият болу керек, - дейді кейіпкеріміз.


Иттердің көмегіне жүгінген



Мал дәрігерінің айтуынша, қойларда болатын айланбаның емін табу үшін иттердің көмегіне жүгінген. 
- Совхоз кезінде қойлардың төбесіне жұдырықтай жылауық пайда болып, айланбалы ауру тарады. Әр табыннан аптасына 4-5 бас тоқтыдан шығып отырды. Ешқандай диагноз да, емі де табылмады. Содан тоқтыны сойып, миын ашып, жылауық көбікті иттерге жегіздік. Ауру итке жұққаннан кейін ол иттің ішегіне жабысып алады. Кейін итті өлтіріп, ішектегі құртты жеке алып, Ресейге жібердік. Содан кейін ғана ондағы мамандар аурудың емін тапты. Бұған дейін жылауық көбіктің өзін де, қойдың басын да зерттеп еш нәтиже шығара алмаған едік. Сөйтіп отар қой аман қалды. Өлтірген иттерді арнайы орынға залалсыздандырып көміп тастап отырдық, - дейді ол.
Әңгіме барысында кейіпкеріміз елімізде мал дәрігері мамандарының жітіспеушілік мәселесін де айтып қалды. 
- Қазіргі таңда мал дәрігерлігіне маман жетіспеушілігі байқалуда. Жас-тар ауылға мүлдем келгісі келмейді. Себебі жағдай толық жасалмаған. Ауылға барғанымен басында баспанасы болмаса, жалақысы аз, еңбегі көп жұмысты кім істейді? Сондықтан үкімет осы салаға көңіл бөлсе дейміз, - деп базынасын білдірді 40 жылдық еңбек өтілі бар мал дәрігері.

Следующая →