Өскемен
пасмурно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алишер Кабдуалиев
Ақпарат көзі:
Устинка

14 желтоқсаннан СҚО-да шектеу шаралары жеңілдетіледі

Солтүстік Қазақстан облысында 14 желтоқсаннан бастап карантиндік шаралар жеңілдетіледі

Қала маңындағы блок-бекеттер алынып тасталмақ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Бұл жөнінде облыс әкімі Құмар Ақсақалов онлайн-брифингте хабарлады.

- Біз 9 айдан бері карантин режимінде өмір сүріп келеміз. Бұл кезең ешкімге оңай тиген жоқ. Бәріне түсіністікпен қараған облыс тұрғындарына алғыс айтамын. Қатаң карантин - қажетті шара. Бір ай бұрын қала жабылып, ПТР-тест болмаса  өтуге тыйым салынды. Өңір тұрғындары уақытша қиындық көрді. Шектеулер жағдайды толық бақылауға алуға септігін тигізді. Карантинді күшейту оң нәтиже бергенін атап өткен жөн, - деді әкім.

14 желтоқсан күні сағат 00:00-ден бастап біз облыс орталығындағы карантин режимін әлсіретеміз. Петропавл қаласының маңындағы бекеттер алынады. Облыс орталығында қоғамдық көлік демалыс күндері жұмыс істемек. Автостанциялар ашылып, облыс бойынша автобустар жүре бастайды. Кітапханалар, мұражайлар, театрлар, діни нысандар қайта ашылады.

Аумағы 500 шаршы метрден асатын сауда орталықтары мен азық-түлік емес дүкендер таңғы 10-нан кешкі 22-ге дейін жұмыс істейді. Бірақ жексенбі күні жабық болады. Сауда орталығындағы супермаркеттер 24-00–ге дейін жұмыс істей алады. 500 шаршы метрден аспайтын азық-түлік сатпайтын дүкендер 8-ден 22 сағатқа дейін ашық тұрады. Жабық базарлар таңғы 9-дан кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді, жексенбіде жабық болады. Ашық базарлардың жұмысына шектеу қойылмайды. Демалыс және мереке күндері сұлулық салондары да клиенттерді қабылдай алады.

- Дәмханалар мен мейрамханалар иелерінің сұрауы бойынша  жұмыс уақыты 22:00 дейін ұзартылды. Жексенбі күні тек тамақты жеткізумен ғана айналыса алады. Қонақүйлер мен туризм нысандары тек 80 процентке толуы керек. Туристік нысандар жексенбіде жұмыс істемейді. Фитнес және спорт залдар, бассейндер, спорттық нысандар, балаларға білім беру мекемелері сенбі күні де жұмыс істей алады. Көп нысандар жексенбі күні жұмыс істемейтін болады. Бұған да себеп бар. Облыстағы жағдай қалпына келсе, ауырғандардың саны одан сайын азайса, жексенбілік шектеуді алып тастауды қарастырамыз. Көп шектеулер алынады, бірақ вируспен күрес тоқтамайды. Әр адамнан жауапкершілік күтеміз. Бәріміз жеке қауіпсіздік туралы ойлауымыз керек. Отбасының аман-саулығы бірінші орында тұруы тиіс. Бізді алда Тәуелсіздік күні мерекесі күтіп тұр. Жаңа жыл да жақындап қалды. Мейрамдарды үйде, отбасымен бірге атап өтуге шақырамын, - деді Ақсақалов.
Следующая →