Өскемен
пасмурно
-8°
  • Өскемен
    -8°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -16°
  • Ақтөбе
    -17°
  • Актау
    +1°
  • Орал
    -5°
  • Қарағанды
    -21°
  • Көкшетау
    -16°
  • Қостанай
    -15°
  • Қызылорда
    -8°
  • Павлодар
    -19°
  • Петропавловск
    -16°
  • Тараз
    -10°
  • Туркестан
    -13°
  • Шымкент
    -10°
$
514.65
544.6
¥
70.84
5.17
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Тарбағатайдағы Жалаңаш ауылы шынымен "жалаңаш" қала ма?

Тарбағатай ауданына қарасты Жалаңаш ауылының тұрғындары ауылдың болашағына алаңдаулы. Жергілікті халықтың сөзіне сүйенсек, енді біраз жылда ауыл қаңырап бос қалуы да мүмкін

Бүгінде аталған ауылдың тең жартысынан астамы қалаға қоныс аударыпты. Бұл туралы аудан тұрғыны өзінің фейсбук әлеуметтік желісінде жазды. 

Тау қойнауларында орналасқан бұрынғы ферма орталықтары мен қыс қыстауын, жаз жайлауын жайлап, малын бағып, шөбін шауып отырған жергілікті тұрғындар бүгінде азайып барады.

Шекаралық аудандардың жағдайы туралы бұған дейін сан мәрте айтылды. Жазылды. Аудан мәртебесінен айырылған аудандардың ұрттары майланып отырғаны шамалы.

Елдің жағдайы төмендей бастаған


Жалаңаш ауылы Қытай елімен шекаралас жатыр. 2000 жылдары ауылда 90-ға жуық түтін болып, негізгі орта мектебінде 200 бала білім алыпты. Өкінішке қарай, қараусыз қалған ауыл сүркей тартып, ел үдере көшкен. 
- Жалаңаш ауылы ел көшкен соң шынымен де "жалаңаш" қалып барады. Тіпті ауылда интернет те, ұялы байланыс та жоқ. Ақжар мен Жалаңаш ауылының арасы 55 шақырым. Одан ары қарай аудан орталығы Ақсуатқа дейін тағы да 100 шақырым. Ауылдағы Көбеев атындағы негізгі мектебінде 2000 жылдары 200 бала оқыса, қазір бар-жоғы 40 оқушы ғана қалған. Ауылдағы 90 үйдің тең жартысынан астамы қалаға көшіп кетіп, қазір қырыққа жетер-жетпес түтін қалған. Ауыл тұрғындары "Егер аудан орталығы Ақжар болып, жеке аудан құрылатын болса, туған ауылымыздан ешқайда көшпес едік" дейді. Шекара бойындағы Жалаңаш ауылы тұрғындарының өтініші бойынша жариялап отырмын, - деп жазды Ермек Құрманғалитегі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жол азабын жолаушы тартып жүр 


Жергілікті тұрғындар Ақжарға аудан статусын қайтарып берсе дейді. Себебі ауылда жұмыссыздар саны көбейіп, елдің жағдайы төмендей бастаған. Тіпті ауыл жұрты жаңа әкімнің жүзін де әлі көрмегендіктерін айтады. 
- 1970 жылдардан бері осы ауылдың тұрғынымын. Осыдан біраз жыл бұрын ауылымызда 200-дей оқушы, 400-дей еңбек күші болған. Өкінішке қарай, ауданның Ақсуатқа көшуіне байланысты ауыл иесіз қалып бара жатыр. Аудан орталығына барып-қайту үшін 300 километр жол жүреміз. Кіші-кірім құжаттарды алу үшін Ақсуатқа қаңғимыз. Оны әркімнің жағдайы көтере бермейді. Оның үстіне жол жағдайы да нашар. Мәселемізді облыс әкіміне де айттық. Шамасы келгендер көшіп кетті. Қалғанымыз аз ғана малға байланып қалдық. Ауданымыздың бұрынғы әкімі Серікқазы Садуақасов тұрғындардың өтінішін ескеріп, осы мәселені қолға алған болатын. Қазіргі әкімнің түрін де көрмедік. Бізде не болып жатқанынан бейхабар, - дейді ауыл тұрғыны Қанат Абикенов.
Десе де, аудан әкімдігі тұрғындардың сөздеріне келіспейтіндіктерін жазған болатын. 
- Ауданымызға жаңадан аудан әкімі болып тағайындалған Асхат Сайдахметұлы келе сала Құйған ауылдық округіне бірнеше рет келіп, округтің тыныс-тіршілігімен танысып, үнемі аралап отырады. Кеңес үкіметі ыдырағалы респуб-лика бойынша барлық шалғай жатқан ауылдағы адамдар жаппай үлкен қалаларға көшуі белең алды. Яғни, урбанизацияны тоқтату мүмкін емес. Соның нәтижесінде көптеген шағын елді мекендер ел көлемінде мүлдем жойылып кеткен. Ал оның қасында Тарбағатай ауданы Құйған ауылдық округіндегі Жалаңаш елді мекенінде халық тұрақтап қалды. Керісінше Жалаңаш елді мекенінде оң өзгерістер бар, - деп жазба қалдырды Тарбағатай аудандық әкімдігіндегілер әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ақжар аудан орталығы болса...


Аталған мәселе әлеуметтік желі қолданушыларының назарынан да тыс қалмады. 
- Ақжар аудан орталығы болмай, шекаралық аймаққа адам көшіп келеді деу ақылға сыймайды. Ақжар қайта аудан орталығы болса, жаңа жұмыс орындары ашылатын еді. Ауылдан ешкім көшпей, шекаралық аймақ қайта жанданар еді, - дейді Руслан Нұрахмет.
Айта кетейік, Тарбағатай ауданына қарасты ауылдарға байланыс мұнаралары орнатылып жатыр. Бұған дейін байланыс желісінің жоқтығынан тұрғындар министрлікке, ұялы байланыс операторларының Бас директорларына және ауданның мәслихат депутаты Болат Нүрпейісовке хат жолдаған болатын. 
Естеріңізде болса, Елбасы 500 халқы бар барлық ауылдық округтерге интернет желісі мен ұялы байланыс орнату туралы тапсырма берген болатын. 
- Тарбағатайдағы Жамбыл ауылына Теле2/Алтел мұнарасы орнатылса, Құйған ауылына Beeline мұнарасы орнатылып жатыр. Сонымен бірге, алдағы уақытта Жалаңаш ауылына Теле2 мен Алтел мұнарасын орнату жос-парлануда, - деп мәлімдеді аудан әкімдігі.

Интернет желісі тартылмақ 


Аудан әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Жалаңаш ауылында 4 жылдық бастауыш сыныптар ғана білім алатын мектеп 11 жылдық мектеп-бала бақша кешеніне айналыпты.
- Осыдан 3-4 жыл бұрын Жалаңаш ауылында 4 сыныптық бастауыш мектебі болған. Сол кезде 2016-2017 жылдары бастауыш мектепте 23 бала ғана оқыған. 2017 жылдан бастап аудан тарапынан ақша қарастырылып, С. Көбеев атындағы 11 сыныптық бала-бақша кешені болып қайта құрылды. Содан бері бала саны артып, қазір 50 оқушы сабақ оқып, 15 бала бала-бақшада тәрбиеленуде. Сонымен бірге ауылда иесіз тұрған және құлаған үйлер жоқ, - деп мәлімдеді аудан әкімдігі.
Мектепке оптикалық талшықты интернет желісі тартылған. Ендігі кезекте әрбір үйге тарту жоспарда бар көрінеді.

2017 жылдан бері Жалаңаш ауылынан басқа жаққа көшкендер жоқ. Керсінше содан бері 12 отбасы көшіп келген. Алдағы уақытта ауылға үйлер салу мәселесі жоспарлануда. 

Шаруа қожалықтарына жыл сайын мал басын асылдандыру бағытында жиыны 
3 млн 500 мың теңге субсидия бөлінеді.

Сонымен қатар, Жаңаңаш ауылына жол мен көпір салып, көңіл бөлініп жатқан көрінеді.
- Жалаңаш пен Құйған ауылы ортасындағы халықтың өздері сұрап, көрсеткен батпақ болатын жерлеріне мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында техника жұмылдырылып, құм төселген. Қыс мезгілінде жолдың қарын үнемі күреп отырады. Қазірге дейін жолда жүре алмай, қар астында қалып қалған жағдай болған емес. Сонымен қоса, Жалаңаш пен Құйған ауылының арасындағы екі өзенге тағы да мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында көпір салынды, - дейді әкімдіктегілер.
Тіршілігіне тықыр таяп, тұрмысы тұралап бара жатқан шалғайдағы ауыл тұрғындарының мәселесі әлі де өзекті. Тіпті шекаралық аймақтар иесіз қалуы да әдбен мүмкін.

Қазіргі уақытта Жалаңаш ауылында 43 отбасы, барлығы 228 адам тұрып жатыр.

Следующая →