Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Пестрякова
Ақпарат көзі:
Устинка

Үйірмелер мен секцияларға баратын балалардың әке-шешелері далада аязда күтуге мәжбүр

Өскемен қаласының ата-аналары музыкалық мектепке дайындыққа баратын балаларын сыртта тосып, суыққа тоңуға тура келетіндерін айтып шағымданды

Балалардың ата-аналарын мекеменің кіреберісіне, дәлізіне кіргізбейтіндігі жазылған жазбаның астындағы көптің пікірі екіге жарылды. Біреулер тіпті балаларының қатынап оқып жүргендеріне қуану керек екендіктерін жазыпты. Өйткені, карантин шараларына байланысты көптеген үйірмелер, ұйымдар, мекемелер қашықтан оқып жатыр. Ал енді бір топ дәл осы секілді ішке кіргізбей, далада, аязда күттіріп қоятын скциялар да бар екендерін жазыпты.

- Біздің балаларымыз Қабанбай батыр даңғылы 111 мекен-жайындағы №1 музыка мектебіне барады. Сабақтар 1 сағаттан ұзаққа созылады. Ал бас санитар дәрігердің қаулысы бойынша біздердің ішке кіруімізге тыйым салынған. Көп ата-ананың жеке транспорт көліктері болмағандықтан, мал жоқ, сыртта тосуға мәжбүр. Біз ионизатор мен жылу пердесін орнатып, балаларды дәлізде күте тұруға рұқсат беру туралы өтінішпен басшылыққа жүгінгенбіз. Бізбен сөйлеспек түгілі, тіпті тыңдамады. Сөзімізді бөліп, ереже жарлықты көрсетіп, есіктен шығарып салды. Біздің балалар тегін оқып жатқан жоқ. Қалың адам жиналатын басқа қоғамдық мекемелерде ионизаторларды орнатылған. Мұнда ғана жоқ, - дейді ата-аналар.
Пікірге тағы да басқа ата-аналар жазды.
- Біздің қызымыз да Оқушылар шығармашылық сарайында биге қатысады. Тамбурға кіру мүмкін емес. Бір жарым сағат далада қатып тұрамыз, вирустың бәрін жинап, - дейді аналардың бірі.
Өскемен қаласының білім бөлімі осыған байланысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің No 345 бұйрығын орындау негізінде (6-тарау, 18-тармақ) 13.08.2020 жыл және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің No 611 бұйрығы (10-тарау, 156-тармақ) 16.08.2017 жыл "Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар", ата-аналардың балаларды ертіп жүруі мектепке кірер алдында жүзеге асырылады. Бұл туралы ата-аналарға онлайн режимде өткізілген ата-аналар жиналысында айтылды. Бөлім ата-аналардан қабылданған шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды.
- Елдегі ауру жұқтыру деңгейі төмендеп, жағдай оңалып келе жатқандықтан, Қазақстан Республикасының Бас санитар дәрігері қатаң шектеулерді алып тастағанымен, қалада қосымша білім беру ұйымы тұрақты режимде қайта басталады. Шығыс Қазақстан облысы "жасыл" аймаққа кіре салысымен эпидемияға қарсы шаралар аз да болса жұмсарады деп сенемін, - деп сендірді қалалық білім бөлімі.

Следующая →