Қазақтың ай амалдары алдамайды
Табиғат құбылыстарын зерттеумен, ауа райын болжаумен екінің бірі емес, арнайы есепші жұлдыздар айналысқан. Ұлттық ұғымда 7 амал бар делінеді
Домалақ жұмыр жер бетінде 24 сағат - 1 тәулік, 7 күн - 1 апта, 30 күн - 1 ай, 365 күн - 1 жыл деген есептеу қалыптасып орныққалы қай заман. Шыр айналып келетін 365 күннің еншісіндегі ыстық пен суыққа, жел мен жаңбырға, қар мен боранға қазақ халқы бір ауыз сөзбен "амал" деп ат қойған. Яғни, табиғаттың тосын жайларының барлығын амалға жатқызған және оған өзіндік атаулар қойған.
Табиғат құбылыстарын зерттеумен, ауа райын болжаумен екінің бірі емес, арнайы есепші жұлдыздар айналысқан. Ұлттық ұғымда 7 амал бар делінеді:
1) Күннің тоқырауы.
2) Қарашаның қайтуы.
3) Үркердің батуы.
4) Мұздың қатуы.
5) Киіктің матауы.
6) Қыс тоқсан.
7) Ай тоғамы.
Алайда ай амалдары бұнымен шектелмейді. Ұлтымыздың жыл он екі айдағы күн райын болжаудың амалдарын назарларыңызға ұсынамыз.
Өліара. Ескі ай бітіп, жаңа ай туғанға дейін аспанда ай көрінбейтін аралық. Өліарадағы ауа райы қандай болса, туатын жаңа айда сол қайталанады деген таным қалыптасқан. Бұл тәжірибе әрқашан айна-қатесіз келіп отырған.
Құсқанаты. Наурыз айының аяғында жыл құстары ұшып келе бастағанда қар аралас жаңбыр жауып, суық жел тұрады. Халық осыны құсқанаты деп атап, амалға жатқызған.
Бесқонақ. Наурыздың 17-21 күндері жаңбыр жиі жауып кетеді. Бұл әр жылы қайталанатын суық әрі батпақты кезең. Ел бесқонақтан қатты сақтанып, қамданып отырған.
Қызыр қамшысы. Сәуір айының екінші бөлігінде алғаш найзағай ойнайды, күн күркірейді, жер бусанады. Сол кездегі найзағайдың жарқылын қазақ "Қызырдың қамшысы шартылдады, енді қыс кетеді" деп есептеген.
Тобылғы жарған. Сәуірдің ақырғы 2-3 күнінде суық жел соғады. Ол аралық тобылғы бүршік жарған, яғни өсімдіктер тамыр жайып, жерге көк шыға бастаған шақ.
Қызыл жұмыртқа. Мамырдың алғашқы онкүндігінде даладағы су құстары балапан шығарып бастағанда 1-2 күнге созылатын суық болады. Ел арасында осы күндер қызыл жұмыртқа деп аталып кеткен.
Құралайдың салқыны. Мамырдың аяғында соғатын суық желде киік (ақбөкен) құралайларын (лағын) аяқтандырып, жүгіртіп өргізеді. Сол аралықта құдайдың құдіретімен даладағы қасқырлардың да тістері қақсап, ет жеу түгілі аңға шығудан қалады. Жалпы киіктің жаппай төлдеу кезеңі 2-3 күннен арыға созылмайды. Ақбөкеннің тағы бір ерекшелігі - оның ешкісі кез келген құралайды емізіп, өз лағындай қарайды. Киік төлдерінің жетім қалмауы осыдан.
Үркердің толғағы. Малға қолайлы, жанға жайлы кезең, шілденің орта шенінен басталады. Бұл кезде Үркер жұлдызы туады. Жер құрғап, шөп буыны сарғая бастайды.
Таразының тууы. Тамыздың орта тұсында ауа райы салқындайды, қою бұлт пайда болып, күз нышаны білінеді. Таңертең және кешке күн суытады.
Сүмбіленің тууы. Сүмбіле жұлдызының көрінетін кезі - қыркүйектің соңғы онкүндігінде сәйкес келіп, суықты күндер, жауын-шашын басталады.
"Таразы туса - таң суыр, Сүмбіле туса - су суыр" деген мәтел осыдан қалса керек.
Мизам шуақ. Қыркүйек айының екінші онкүндігінде салқын басталады. Түнде жаңбыр жауып, шөп басына шық түскенімен, күндіз күн шуақты болып жылып тұрады. Далада ұзыннан-ұзақ мизамдар (өсімдік ұлпасынан болатын ақ сағым) шұбатылады. Ел-жұрт мұны мизам шуақ кезі дейді.
Қарашаның қайтуы. Қараша айында құстар жылы жаққа қайта ұшады. Алғашқы қар түсіп, күн суытады. Ызғар басталады.
Текенің бұрқағы. Желтоқсанның ақырғы онкүндігінде қазақ даласында қатты боран соғады. Дәл осы кезеңде ақбөкен текесі маталады. Яғни, 2-3 күн ішінде киіктің күйегі жүреді.
Қыс шілдесі. Қаңтар айының ақырғы күндерінде қыс қаһарына мінеді. Түкірген түкірік жерге түспей қатып қалатын сарышұнақ аяз болады. Оны біздің қазақ "қыстың шілдесі" деп атаған.
Бөрі сырғақ. Ақпан да ақырып ұлып келеді. Ат құлағы көрінбейтін ақтүтек борандар осы айда болады. Айдың аяғындағы сырғақ пен боранды күндердерде қасқырлардың ұйығуы басталады. Сырғақ дегеніміз - бұршақтан кіші мұзды қар түйіршіктері. Бұл амал осы бөрілердің ұйығатын кезеңіне байланысты аталған.
Аспан денелеріне, құбылыстарға қарап болжау:
Өсімдіктер мен жануарларға қарап болжау:
Следующая →

Күн райын болжау амалдары

- Көктемнің алғашқы жауынында күн күркіресе, шөп шүйгін шығады.
- Қазан айында күн күркіресе, қыс қысқа болмақ.
- Жазда найзағай көп болса, қыс жылы болады.
- Аққайың күздің белгісінен ең бірінші хабар береді. Оның сарғайған жапырағы үзілгенде ауада біраз қалықтап барып жерге түссе - көп ұзамай ауа райы бұзылады.
- Жаңбыр немесе боран аптаның жұма күні басталса, келесі жұма күнге дейін созылатынын біле жүріңіз.
- Қыста күн құлақтанса, қатты аяздың белгісі.
- Жазда күн аяқ асты қатты ысып кетсе, кешікпей жаңбырдың бұлты келеді.
- Жазда күн кенет ысып кетсе, ұзамай жауын жауады.
- Күн кешке бұлттың артына жасырынып батса, келесі күн жауын-шашынды болады; сәйкесінше бұлтсыз көкжиекке батса, ертең аспан шайдай ашық болады.
- Ай шалқасынан туса - адам мен шаруаға қолайсыз, өзіне жайлы, тігінен туса - өзіне жайсыз, шаруаға қолайлы болмақ.
- Ай күңгірт бір шеңбермен қораланса, қыс қатты болады.
- Ай қызыл түспен қораланып, әлгі шеңбер кеңейіп барып жоғалып кетсе, ертегі күн ашық болады деген сөз.
- "Күн қораланса күрегіңді сайла, ай қораланса аяғыңды сайла" деген халық мақалы бар. Қоралану деген - ай мен күннің айналасында сақина тәрізді шеңбердің пайда болуы. Жәй көзбен көбінесе қыстыгүні көруге болады.
- Ай мен Үркер тоғысқанда бір-бірінен алшақ тұрса - ауа райы мал-жанға жайсыз, бір-біріне жақын тұрса - жайлы болады.
- Қазақ жұлдызшыларының есебінше, маусым айынан бастап Үркер жұлдызы көкжиектен көтерілмейді. Тек шілде айының ортасынан кейін жоғары шығады. 21 шілдеде Үркер Айдың қасынан көрінеді. Осы мезетті қазақ "тоғыс" деп атаған. Бір жылда он рет тоғыс болады. Олар 21 шілде, 19 тамыз, 17 қыркүйек, 12 қазан, 13 қараша, 11 желтоқсан, 3 ақпан, 5 наурыз, 9 сәуір, 7 мамыр күндері қатар тұрады. Тоғыс кезінде Үркер мен Ай бір-бірінен алшақ тұрса, халық "бұл екеуі араздасып қалыпты, енді мал-жан аман болса екен" деп қауіп қылады. Егер жақын тұрып тоғысса "екеуі татуласқан екен, мал күйлі шықсын" деп тілек тілейді.
- Қыстыгүні бұлт желге қарсы жөңкілсе, қар жауады деп есептеңіз.
- Жаз айында қапырық ыстық болса, сол қыстан қатты аяз күте беріңіз.
- Күн шыжып, тымырсық болса, іле-шала найзағай ойнайды деп жорамалдаңыз.
- Бұлт ортасынан ыдыраса, күн райы күрт бұзылады. Шетінен бастап ыдыраса, оңалады.
- Көкжиектен будақ бұлт шығып, өркештене көтеріліп барып ыдырап кетсе, қатты жел тұрып, үскірік аяз болмақ. Будақ бұлт көк жүзін жапса, аттың қара қапталынан келетін қар жауады.
- Ұзақ уақыт оңтүстіктен соққан жел бағытын өзгертіп, шығыстан соқса, ауа райы оңалады. Егер бағытын өзгертіп, батыстан соқса, ауа райы бұзылады.
- Жел жоқ күні түтін жерге қарай шалқыса, қыста қар, жазда жаңбыр болмақ.
- Жел жоқ, бірақ бұлтты күні түтін көкке шаншыла шықса, ауа райы қолайлы.
- Терезе әйнегі мен жақтауы қыста терлесе - күн жылынады, жазда терлесе - күн райы бұзылады.
Өсімдіктер мен жануарларға қарап болжау:
- Жаз айларында көк шөп бозаң тартса, қыс қатты болады.
- Шық қалың түссе, шөп қалың бітеді.
- Шөптің буыны ерте қатайса, қыстың жайсыз болмағы.
- Сарымсақтың қабығы қалың бітсе, қыс қатты болады.
- Тікендер мен алаботаның сабақтары иіліп түссе, күн суытады.
- Емен ағашының ұрығы көп болса, қыста сақылдаған сары аяз болады деп жорамалдаңыз.
- Жаздыгүні аралар онаурызға кіріп-шығатын тесікті жартылай жапса, қыс суық болады, тесік толық ашық тұрса, қыс жылы болады.
- Шұбалшаң жер бетіне шықса, жаңбыр жауады. Әдетте біз жауын құрттарын жаңбыр сіркіреп тұрған кезде немесе басылған соң ғана көріп жатамыз ғой. Дұрыс байқай алсақ құрттар жауыннан бұрын шығып қояды екен.
- Алдағы қыстың қатты болатынын білсе - ормандағы тиін ұясын төмендеу, жылы болса - жоғары орналастырады.
- Аспан ашық күндері тиін ұясынан шықпай қойса, күн райы бұзылады деген сөз.
- Жылан мезгілінде ұйықтамаса, күз ұзақ әрі жылы болады.
- Ордалы жыландар, құрт-құмырсқа, топ-тобымен басқа жаққа көше бастаса, жер сілкінісін немесе басқа тосын апаттың болатынын біліп қоныс аударады.
- Ит ұлыса, жаманшылықтың яки табиғат апатының белгісі.
- Аяқ-қолы сынған адамдардың сүйегі сырқыраса, күн бұлттанып, жаңбыр не боран болады.
- Суық күндері қораз ерте шақырса, күн жылынуынан хабар береді.
- Ит жерге аунаса, жаңбыр келе жатыр.
- Жаңбыр жауар алдында балық қармақ қабады, қармаққа балық түспесе, қатты жел соғады.
- Өгіз құйрығын шаншып жоғары көтерсе, қатты жел соғар түрі бар.
- Қарға ерте көктемде суға шомылса, күн жылынады.
- Торғай шаңға аунаса, жаңбыр жауады.
- Тұман жер бауырлап құласа, күн ашық болмағының белгісі.
- Бұлт жер бауырлап түссе, күн суытады.
- Жаңбыр тамшысы ірі болып түссе, дымқыл күн ұзаққа созылмақ.