Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемендегі субұрқақтар қысқы безендірілуге көшті

Облыс орталығында барлығы 13 субұрқақ бар. Түгелінің де беті жабылып, қысқа даярланып, келесі көктемге дейін осы қалпында тұрмақ

Өскемен қалалық ТҮКШ бөлімінің мәлімдеуінше, бұрқақтарға келетін су көзі өшірілген. Жалғанатын сыртқы құрылғылар алынып, сақтауға, қоймаға жіберілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Айта кетерлік бір жайт, қаланың көпшіліктің сүйікті орнына айналған республикалық алаңдағы "ән салғыш" субұрқақтардың беттері жұқа тақтаймен толықтай жабылмаған, өйткені жұмыс әлі аяқталған жоқ. Қала басшылығы оны жаңа жылдық мерекеге орай безендірмек. Бірақ бұл жұмыс сәл кейінірек басталатын көрінеді.

Сұбұрқақтың мың бұралған биін Өскемендіктер енді тек жазда тамашалай алады. Ал әзірге субұрқақтар жаңа жылдық көңіл-күй сыйлайтын болып тұр.
Следующая →