ШҚО-да ұрлау, тонау, зорлау, бұзақылық жасау азайып келеді
Облыстық полиция департаментінің басшысы аймақтағы қылмыс деңгейін тілге тиек етті
Шығыс аймақтың бас полициясы Сағат Мәдиев онлайн түрде өткен халыққа есеп беру кездесуінде облыста адам өлтіру, ауыр жаралар салу, зорлау, қарақшылық жасау, ұрлау, тонап кету сынды қылмыстық істердің біршама азайғанын айтты.
Следующая →
- Шығыс Қазақстан облысында жағдай едуір тұрақталды және жақсы жаққа өзгеріп келеді. Қылмыс деңгейі 26%-ға төмендеген. Санмен мәлімдесек, 17 335-тен 12 825-ке азайған. Сонымен бірге, біз қылмыстың ашылуының жалпы деңгейін жақсарта алдық және аса ауыр қылмыстардың ашылуын айтарлықтай жоғары деңгейде ұстадық, - деді ШҚО Полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев.Сонымен қатар, құқық қорғау органының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қоғамдық орындардағы қылмыс, рецидивтер саны, алкогольдік мас күйінде және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық та әжептәуір азайған.