Шығыс Қазақстандық браконьерлерге 11 миллион теңге айыппұл салды
Облысымызда жыл басынан бері табиғатты қорғау шаруашылығы саласында 1740 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген
ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2020 жылы облыстық табиғатты қорғау полициясы Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 383-бабы бойынша 874 құқық бұзушылықты тіркеді. Олардың ішінде балық аулау және балық ресурстарын және басқа су жануарларын қорғау ережелерін бұзу, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Следующая →
- Өңірдің су айдындарында балық ресурстарын сақтау үшін балықты қорғау күштері, полиция және шекара қызметі браконьерлікпен күресуге бағытталған күнделікті іс-шаралар өткізеді. Экологиялық заңнаманы бұзушыларға жалпы құны 12 миллионнан астам теңгедей әкімшілік айыппұл салынды, оның 11,3 миллион теңгесі өндірілді, - деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.Тәртіп сақшылары заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 1340 тексеріс шараларын өткізілді. Қыс түсісімен қысқы балық аулау кезінде мұз үстіндегі қауіпсіздік шараларын сақтауға да ерекше назар аударылды. ШҚО Полиция департаментінің полиция қызметкерлері көліктердің мұз жарылып суға кетуіне және азаматтардың жұқа мұзға шығуына жол бермеуді қатаң түрде ұсынады. Өйткені, мұз нәзік және әлі күнге дейін адамның салмағын көтермейді, сондықтан мұздың қалыңдығы кем дегенде 15 сантиметрге жеткенде ғана жүруге болады.