Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемендегі Ертіс көпірінің астындағы үйілген қоқыс қайдан келген?

Облыс орталығының тұрғыны Ертіс өзеніне салынған көпірдің асты мен өзен жағалауының ахуалын бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген соң, оған экологтар назар аударды

Өскемен қаласындағы Ертіс өзеніне салынатын көпірдің құрылысы 2014 жылы басталған болатын.

"Рязанов атындаағы №25 көпірқұрылысотряды" мердігер компаниясы келісімшарт бойынша осы жылдың соңына дейін көпір құрылысын бітіру керек болатын. Бірақ жыры ұзаққа созылған көпірдің дауы сол күйі аяқталмады: біресе салынып жатқан кезде бір бөлігі құлап қалды, одан кейін жұмысшыларына жалақыларын төлемей қойды. Ақыр аяғы 2019 жылы межелі мерзімі кешіктірілгеннен кейін қалалық әкімдік компанияны сотқа берген. Құрылысты бітіру үшін мердігер компанияларға тағы бір байқау жарияланған. Әзірге нәтижесі белгісіз.

Мәселе бұл ғана емес. Қала тұрғыны көпірдің астындағы адамдар жүретін жердің қазіргі кейпіне шағымданды. Оның айтуынша Ертіс жағасы бетондар мен темір-терсекке, құрылыс қоқыстарына толып қалған. ШҚО Экология департаменті аумаққа арнайы тексеріс жүргізді.
- Өткен жылдың наурыз айында экологтар өзен жағасына құрылыс материалдарын заңсыз тастау жөнінде зерттеулер жүргізген. Мамандар "Рязанов атындаағы №25 көпірқұрылысотряды" компаниясына 716800 теңне көлемінде айыппұл салған. Осыдан кейін жауапты мердігер компания қоқысты арнайы полигога апарып тастаған болатын. Қазір де сол алаңда құрылыс материалдарының қалдықтары жатыр. Нысан әлі аяқталмағандықтан тендер байқауы жүріп жатыр, - дейді экология департаментінде.
Следующая →