Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Пестрякова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО Халыққа қызмет көрсету орталықтарында "өзіне-өзі қызмет көрсету" жүйесі іске қосылды

Қазақстан Республикасының ірі қалаларының халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты тоқтатылған болатын

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің тапсырмасы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарында "өзіне-өзі қызмет көрсету" секторларының жұмысы қайта жанданды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" ТАҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары жұмысы қайта басталғандықтан, кез-келген тұрғын ХҚО ғимаратында кезекке тұрмастан өз бетінше электрондық көмек ала алады. Әлеуметтік арақашықтықты сақтау талабы мен бетперде тағу қатаң түрде сақталады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 137 Халыққа қызмет көрсету орталығында секторлардың жұмысы қалпына келтірілді. Онда қазірдің өзінде мыңнан астам жұмыс орны қамтылған. Азаматтарға кеңес беру үшін мемлекеттік корпорацияның үш жүзге жуық маманы бөлінді. Бұл ретте халыққа қызмет көрсету орталықтарынан тыс жерде egov.kz нүктелері жұмысын жалғастыра бермек.

Қазақстандықтар арасында ең көп пайдаланылатын электрондық қызметтерге: электрондық-цифрлық қолтаңба алу, соттылығының бар/жоқ екендігі туралы анықтамалар, психо/наркологиялық диспансерлерден анықтамалар беру, тұрғылықты жері бойынша онлайн-тіркеу, медициналық ұйымға тіркелу жатады.
Следующая →