"Ит атқыштардың" жалақысы аз, жағдай жасалмаған
Өскемендегі Ахмер ауылында қаңғыбас иттер қаптап жүр
Қараша айында елімізде ит талау бойынша екі оқиға орын алып, елді дүрліктірді. Екеуі де - бала. Алдымен Қарағанды облысында 6 жастағы қыз баланы иттер талап өлтірсе, артынша Атырауда екі жасар баланы талап кеткен. Апта бойы ауруханада ем қабылдаған бүлдіршіннің жағдайы қазір жақсарып, үйіне шыққан.
Өңірімізде де қараусыз иттердің саны күн санап артып келеді. Кешегі жеті қазынаның біріне балаған құтпанның бұл күнде құты кетіп, жергілікті тұрғындарға үрей туғыза бастағаны қашан. Ертеде қоралы қойын итке күзеттіріп, мыңғыртып малын баққан малшының да, жалданып жүрген жалшының да сенімді серігі осы иттер емес пе еді. Иә, бұрын солай болған. Ал қазір қалада қаңғыбас иттер көбейіп, адамдарды қорғағанның орынына қауіп төндіріп жүр.
Қыс келісімен саяжайларда иесіз қалған иттер елді мекендерге ойыса бастайтыны белгілі. Ауылдың алты айырығынан ағылып келген қаңғыбас иттер топтасып, азығын ауылдан іздейді.
Десе де, азулары майланбаған соң төрт аяқтылардың тұрғындарға тап беретін сәттері де жиілей түскен.
Расында да, бұндағы тұрғындардың үрейі үдемесе, сейілер түрі жоқ. Себебі олар адамдарға дене жарақатын ғана салып қоймай, түрлі аурулардың таралуына да себепкер болуы мүмкін. Олай дейтініміз, иттер иесінен қайыр болмаған соң, азығын күл-коқыстардан табатыны белгілі. Мәселенің байыбына бару үшін арнайы жауап-
ты мекеме басшылығымен кездестік. Олар ит асыраудың қарапайым заңдылықтарын жіпке тізгендей қылып, бүге-шүгесіне дейін ашып айтып берді.
Сіз тұрған көшеде қаңғыбас иттер қаптап жүрсе, 57-41-69 немесе 51-21-38 телефон нөмерлеріне хабарласып, өтініш қалдыра аласыздар.
Следующая →

Иесіз иттер көбейіп келеді
Десе де, азулары майланбаған соң төрт аяқтылардың тұрғындарға тап беретін сәттері де жиілей түскен.
- Ахмер ауылында иесіз иттер күн санап көбейіп келеді. Жәй кездің өзінде 4-5-тен жүреді. Әсіресе таңертеңгі уақыттарда үйлердің маңайы мен көшелерде кезіп жүреді. Түрлері өте қорқынышты. Маңайдағы күл-қоқыстардан азық іздейді. Өткенде жұмысқа бара жатқанда қауып ала жаздады. Сәл-ақ қалды. Аялдамаға қарай кетіп бара жатыр едім, артымнан біреу келе жатқандай сезілді. Қарап қалсам бір ит таяп қалыпты. Қалған екеуі артында жол жиегіндегі шөптердің арасын тіміскілеп жүр. Қорыққанымнан айғай салдым. Тістерін ақситып ырылдап тұра қалды. Қалған екеуі де келе жатыр. Қолымда тас та, таяқ та жоқ. Еш дәрменсіз күйде қалдым. Бір кезде жанымнан өтіп бара жатқан көліктен бір ер адам түсіп, иттерді қуып жіберді. Егер ол кісі жолықпаса не боларымды кім білсін, - дейді Ахмер ауылының Айман есімді тұрғыны.Оның сөзінше, мәселе тек иесіз иттерде ғана емес көрінеді. Ауыл адамдарының кейбірі төрт аяқтыларын байлаусыз еркін жібере салатынын да айтып қалды.
- Қас қарая мына тұрған дүкенге барудан қалдық. Тұрғындар иттерін бос жібере салады. Ашығып, бұратылып тұрған төртаяқтылар кісіге шабады. Иттері біреуді қауып алса, иелері табылмай қалады. Ал иттерді ататын кезде қожайыны пайда болып, наразылық танытады. Сонда балаларымыздың амандығына кім жауап бермек?! Жауапты мекеме қаңғырған иттердің көзін құртса екен дейміз. Өзім де күшік ит асырап отырмын. Бірақ бос жібермеймін, - дейді ол.
Ит иесінің де кінәсі бар
Расында да, бұндағы тұрғындардың үрейі үдемесе, сейілер түрі жоқ. Себебі олар адамдарға дене жарақатын ғана салып қоймай, түрлі аурулардың таралуына да себепкер болуы мүмкін. Олай дейтініміз, иттер иесінен қайыр болмаған соң, азығын күл-коқыстардан табатыны белгілі. Мәселенің байыбына бару үшін арнайы жауап-
ты мекеме басшылығымен кездестік. Олар ит асыраудың қарапайым заңдылықтарын жіпке тізгендей қылып, бүге-шүгесіне дейін ашып айтып берді.
- Қаңғыбас иттердің көбеюіне тұрғындардың да кінәсі бар. Себебі жаз айларында саяжайларда күшік асырап, күзде өздері қалаға кетіп қалады. Қыс түсе ашыққан ит-күшік елді мекендерге енеді. Сол сәттен бас-тап бізге адамдардан арыз-шағым түсе бастайды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 13 млн теңге қаржы бөлініп, 2568 ит және 226 мысық атылды. Ал биыл осы мақсатта 15 млн теңге бөлініп отыр. Нәтижесінде бүгінге дейін 3634 ит пен 656 мысық атылды. Бізде ит ататын екі жұмыс тобы ғана бар болғандықтан, кей кездері уақтымен бара алмай жатамыз. Десе де, тұрғындардың өтініштерін қараусыз қалдырып көрген жоқпыз, - дейді ШҚО Ветеринария басқармасының "Өскемен вет" ШЖҚ КМК директоры Самат Мұхтарханұлы.
Ит асыраудың шарттары қандай?
- Тұрғындарға иеттерді бос жібермеу туралы түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізіп отырамыз. Қаланың түкпір-түкпірінен тұрғындар хабарласып жатады. Қолымыздан келгенше жұмыс тобын жылдам жібереміз. Тұрғындар ит асыраудың талаптарын сақтамайды. Заң бойынша, біріншіден, тұрғындар итін арнайы орынға апарып залалсыздандыруы керек. Екіншіден, иттің қарғыбауы, үшіншіден, тұмылдырығы болуы қажет, - дейді ШҚО Ветеринария басқармасының "Өскемен вет" ШЖҚ КМК директоры.Оның айтуынша, иттерді ату барысында арнайы комиссия мүшелері жұмыс тобына бақылау жүргізеді екен.
- Жұмыс барысында төртаяқтыларды оқ-дәрімен атамыз. Ал мойнында қарғыбауы бар иттерді атпаймыз. Ауланған иттерді қаланың сыртындағы Желдіөзекте орналасқан арнайы ит қамау орнына апарып, үш күн иесін күтеміз. Келмесе, итті бірден ұйықтатып тас-таймыз. Тағы бір айта кетерлігі, иттерді ату барысында арнайы комиссия мүшелері жұмыс тобына бақылау жүргізеді. Комиссия мүшелерінсіз ешқандай итті атуға болмайды. Сонымен бірге, иесі табылмаған иттерді басқа тұрғындардың қайта асырап алуына да мүмкіндік бар, - дейді Самат Мұхтарханұлы.Осы орайда тағы бір айта кететін мәселе-қалада арнайы ит қыдыртатын орындардың жоқтығы. Ит иелері болса арнайы алаңдардың жоқтығынан көпшілік қыдыратын саябақтарда итпен серуендеуімізге тура келеді дейді.
- Бізде арнайы итпен серуендейтін немесе қыдыртатын орындар жоқ. Қаланың сыртына алып шығуға бізде мүмкіндік болмайды. Сондықтан қала ішіндегі көпшілік орындарда итімізді қыдыртуға мәжбүрміз. Кейде бізге айналамыздағы адамдардан шағымдар түсіп жатады. Сенімді серігімізді күні бойы үйде ұстап отыра алмаймыз ғой. Қаланың ішінде итпен серуендейтін арнайы орындар ашылса дейміз, - дейді қала тұрғыны.
Он көліктен екеуі ғана жүреді
- Бізде 10 қызметтік көлік бар. Қазір екі көлік қана жүріп тұр. Оның біреуін қолдан алғандықтан бір маман ғана жүргізе алады. Сырын білмесең, жүргізе алмайсың. Қызмет барысында көлігіміз сынып, далада қалған күндеріміз де болды. Сол үшін кейде шақырған жерге кешігіп барып жатамыз. Екінші мәселеміз, қаржы мен маман мәселесі. Қызметкерлердің арнайы киетін киімдері де әбден тозды. Сондықтан жұмысқа жай киімдерімен шығады. Арнайы киіммен ит атып жүргенімізді көргеннен кейін тұрғындарда біз туралы теріс көзқарас пайда болады. Көбі бізді танымай, жөн сұрап жатады. Тағы бір айта кететіні, бізде маман жетіспейді. Жастардың басым бөлігі бұл қызметке келгісі келмейді. Себебі жағдай жасалмаған, жалақысы аз, - дейді Самат Мұхтарханұлы.Шынында да иесіз, қараусыз иттер жұрттың мазасын алып, үрей туғызатыны рас. Десе де, таяқтың екінші ұшы айналып келіп өзімізге тиіп жатқанын да жасыра алмаймыз. Әуесқойлықпен ит асыраймын деп жеті қазынаның бірі саналған төбеттің қадірін қашырғанымыз да жоқ емес. Иә, ит атаулы бесенеден бері адамның досы, үй-жай қорғаушы. Бірақ біз достыққа киянат қылдық. Асырауын асыраймыз да, күндердің бір күнінде жұртқа тастап кете барамыз. Сонда біздің адамшылығымыз қайсы?!
Сіз тұрған көшеде қаңғыбас иттер қаптап жүрсе, 57-41-69 немесе 51-21-38 телефон нөмерлеріне хабарласып, өтініш қалдыра аласыздар.