Бесқарағайдағы автобекеттің ішкі әрлеу жұмыстары ғана қалды
Бесқарағай ауылындағы автобекетте жөндеу жұмыстары аяқталып қалды, көп ұзамай пайдалануға беріледі
Бесқарағай ауылында 1990 жылдардан бері автобекет қызметі тоқтап тұрған болатын. Автобекет ғимараты бар, тек тозығы жетіп, қаңырап қалған.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 17 маусымында өткен Бесқарағай аудандық мәслихатының сессиясында автобекет ғимаратын сатып алып, оған ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 10 миллион теңге көлемінде қаражат бөлу туралы шешім қабылданған.
Следующая →
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 17 маусымында өткен Бесқарағай аудандық мәслихатының сессиясында автобекет ғимаратын сатып алып, оған ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 10 миллион теңге көлемінде қаражат бөлу туралы шешім қабылданған.
- 11 тамыз күні 4,3 млн теңге көлеміндегі қаражатқа автостанция ғимаратын сатып алудың қабылдау актісіне қол қойылды. Жеке кәсіпкермен сатып алынған автостанция ғимаратына жалпы сомасы 5 млн теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған мемлекеттік сатып алу бойынша келісімшарт жасалуда, - деп мәлімдеген еді ауданның ішкі саясат бөлімі.Желтоқсан айы жетті, жөндеу жұмыстары аяқталуға шақ қалған. Аудан әкімінің мәліметіне сүйенсек, аталған ауылдағы автобекет осы жылдың соңында пайдалануға берілмек.
- Автостанция ғимаратында жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінде ғимаратқа электр және сумен жабдықтау жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге, жылу қосылып, терезелер мен есіктер ауыстырылды. Екі септик орнатылды. Күту залы және кассаға арналған жұмыс кабинеті жөнделді. Енді ішкі әрлеу жұмыстары қалды. Жоспарға сәйкес нысан ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі, - дейді Бесқарағай ауданының әкімі Шалқар Байбеков.КСРО кезінде бұл бекеттен тек қана ауыл-аймақ емес, басқа аудандарға да автобус жүріп тұрған екен. Кеңес үкіметі ыдыраған соң автобекет жекенің қолына өтіп, артынша иесі бұл жерден дәмхана ашып алған, ұзақ уақыт бойы ғимарат кепілдікте тұрған. Кейін ЖШС-лардың бірі сатып алған. Тәуелсіздік алғаннан кейін тағдыры таланға түскен ғимаратты енді әкімдік жөндеп, қайта автобекетке айналдырып отыр.