Өскеменде ең белсенді еріктілер таңдалды
Облыс орталығының әлеуметтік өміріне қатысатын қаланың жас еріктілері бірнеше номинация бойынша іріктелді, жүлде қоры 400 мың теңгені құрады
Еріктілік қызметке белсенді қатысатын және мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға өз үлестерін қосатын Өскемен тұрғындарын облыс орталығының басшысы Жақсылық Омар марапаттады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Әуезов даңғылында орналасқан бұрынғы жас техниктер станциясының аумағында "Үздік ерікті", "үздік еріктілер ұйымы", "үздік еріктілер жобасы", "үздік еріктілер бейнеролигі" номинациялары бойынша белсенділерді анықтау байқауы өтті. Қала басшысы жеңімпаздарға алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етті. Жүлде қоры 400 мың теңгені құрады.
Қалалық әкімдікте атап өткендей, Өскеменде 10 түрлі еріктілер қозғалысы бар, оларға жастар арасынан бір жарым мыңға жуық адам тартылған.
Следующая →