Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Тарбағатайдағы Тұғылға ақыры ауызсу берілді

Аталған ауыл тұрғындары ала жаздай "Ақ бұлақтан" су іше алмай отырғандарын айтып, біраз мекеменің табалдырығын тоздырған

Аталған ауылда 2018 жылы "Ақ бұлақ" бағдарламасы бойынша су тарту жұмыстары басталған болатын. Бір жылдан кейін жобаға сай құрылыс жұмыстары аяқталып, әр үйге орталықтандырылған су жүйесі тартылған. Бірақ құбыр арқылы үйге келіп тұрған судың қызығын тұрғындар 3-4 ай ғана көрген. 
- 2019 жылдың соңына қарай ауылға су тартылғанда қатты қуанған едік. Өкінішке орай, қуанышымыз ұзаққа созылмады. 5 мың тұрғыны бар ауылда ауызсу мәселесі мүшкіл. Өзім көпбалалы анамын. Тұрғындардың көбі зейнеткерлер. Жастар қалаға жұмысқа кеткендіктен құдықтан су тасып ішу оларға қиынға соғуда. Ауызсуды үйіміздің ішіне дейін кіргізсек те, одан еш пайда жоқ. Себебі су дұрыс келмейді. Сыздықтап ағып, кейде тіпті тоқтап қалады. Ауылдың төменгі жағына ғана жетеді де жоғары жағына жетпей қалады, - деп ашынған еді ауыл тұрғыны Нәзипа Кешубаева.
Тартылған су құбырынан ақау шығып, мердігер "олқылықты түзетемін" деп уәде еткенімен, жұмыстар бірнеше айға созылып кетті. Тіпті, әкімдік ақыры мердігер компанияны сотқа бергендіктерін де мәлімдеген. Мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асырылған бұл жұмыс Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясында қаралып, мердігерге 10 қарашаға дейін істі бір жақты қылуға уақыт берілген.

Алдыңғы аптада ғана Тұғылдағы ауызсу мәселесі оң шешімін тапты. Енді тұғылдықтар арба сүйреп, суды тасып ішпейтін болды. 
- Ауылымызға ауызсу қайта келіп, көңіліміз енді жайланды. Бүкіл ауыл болып қуанып жатырмыз. Бұған дейін тасып ішкен едік. Енді орталықтандырылған ауызсуға қол жеткіздік. Тұрғындардың арыз-арманына құлақ түрген әкімдікке алғысымыз шексіз. Су бұрынғыдан да жақсы ағып тұр. Алғашында әлсіз ағатын еді, - дейді Нәзипа Кешубаева ортақ қуаныштарымен бөлісіп.
Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Тұғылға барып, жұмыстарды тексеріп қайтқан және мердігер жұмысы әлі де бақылауда болатындығын мәлімдеді.
Следующая →