Үш күн ішінде Өскеменде 18 қылмыс ашылды
Облыс орталығында "Құқықтық тәртіп" шарасы өтіп жатыр. Тәртіп сақшылары тек қана қылмыстық іс жасағандарды емес, әкімшілік тәртіп бұзғандарды да анықтауда
23-30 қараша аралығында Өскемен қаласы аумағындағы криминогендік жағдайды жақсартып, құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін "Құқықтық тәртіп" шарасы ұйымдастырылған.
Алғашқы үш күннің өзінде тәртіп сақшылары ұрлық фактісін ашып, қаруды заңсыз сақтаған екі адамды анықтады және бұрын жасаған қылмысы үшін бір адамды тұтқындады. Облыс орталығындағы Полиция басқармасы мәлімдегендей, жалпы саны 18 қылмыстың беті ашылған.
Тәртіп сақшылары әкімшілік құқықбұзушылықтарды да басты назарға алған. Мәселен, қоғамдық орында мас болып жүру немесе ішімдік ішу сынды 223 фактіні анықтап, жол жүру ережелерін бұзған 70 жаяу жүргіншіні жауапқа тартқан. Сонымен қатар, алкогольдік ішімдікті сату бойынша заңсыздықтардың жолы кесіліп, мас күйінде көлік тізгіндегендер де назардан тыс қалмады.
Полиция қызметкерлері елді мекенде орын алған атыс оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу ісін тіркеді.
Следующая →