Өскемендегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені жөндеуден өтті
Өскемендегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өтті
Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар Instagram әлеуметтік желісінде мәлімдеді.
Аталмыш нысан жарты ғасырдан бері жөндеу көрмеген. Қазіргі уақытта Бажов көшесіндегі спорт залдары толықтай жаңартылды. Айта кету керек, бұрын «ФОК-тың» екі залы ғана бар болатын, күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін залдар үшеу болды. Қабырғалары сырланды, едендері толық ауыстырылды. Сондай-ақ енді кешеннің ауласында автотұрақ бар. Ғимараттың қасбеті жаңартылып, дәліздер кеңейтілді және кіреберіс денсаулық мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы пандуспен жабдықталды. Енді мұнда параолимпиаданың жас өрендері де жаттыға алады.
Следующая →

- Нысанда енді үш зал бар. Олардың екеуі спорттың ойын түрлеріне арналған. Онда жас спортшылар футбол, волейбол, баскетбол және гандбол ойнайды. Кешенге балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің барлық оқушылары келіп жаттыға алады. Үшінші зал күреспен айналысушыларға арналған. Біздің өңірде самбо мен дзюдоның қалыптасқан, даңқты мектебі бар. Балалардың әлеуеті жақсы. Келесі жылы жаттығуды бастаймыз, – деді қала басшысы Жақсылық Омар.
Тақырыптар:
жарты ғасырдан бері жөндеу көрмеген