Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Каспий теңізіндегі құстардың қырылу себебі анықталды

Теңіз жағалауынан аз ғана уақыт аралығында өлген 150 шағала мен суқұзғын табылды

Құстар осы ай басталғалы қырыла бастаған. Күн санап өлген қанаттылардың саны артқан. Қырылған құстарды өртеп, көміп жіберетін болып шешті, дейді КТК арнасының сайты.

Арнайы мамандар биологиялық дәйектеме жинап, Нұр-Сұлтан қаласына сараптама орталығына жіберді. Нәтижесінде қауырсын қанаттылардың пастереллез ауруынан өлгені белгілі болды.

Әдетте бұл аурумен үй жануарлары ауырады. Адамға да жұғатын жағдайлар кездескен. Қазір экологтар судың, топырақтың құрамын және судағы балықтарды тереңірек зерттеп жатыр.

Құстар ендігі жылы жаққа ұшып кеткендіктен әзірге өлген құстар жоқ. Атырау облысының орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы басшысының орынбасары Арман Молдашевтің айтуынша, құстар жабайы болғандықтан, олардың неден, қалай өлгенін, аурудың қандай жолмен таралатынын анықтау қиынға соғып отыр.
- Бірақ егер көктемде аурудың беті қайтпаса, бізге өте абай болу қажет. Бүгінгі таңда адамдарға қандай қаупі болуы мүмкін екенін анықтап жатырмыз, - дейді Арман Молдашев.
Следующая →