Өскемен
ясно
+21°
  • Өскемен
    +21°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +28°
  • Ақтөбе
    +30°
  • Актау
    +29°
  • Орал
    +29°
  • Қарағанды
    +24°
  • Көкшетау
    +23°
  • Қостанай
    +24°
  • Қызылорда
    +34°
  • Павлодар
    +23°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +30°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +32°
$
479.4
+2.25
522.93
+0.50
¥
67.05
+0.11
5.61
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да биыл 283 шақырым жол жөнделді

Биыл облыста 283 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлімдеді

Жөнделген жолдың 160 шақырымы облыстық болса, 123 шақырымы аудандық маңызы бар жолдар. Ведомство өкілінің хабарлауынша, өңірде автомобиль жолдары желілерінің жалпы ұзындығы шамамен 12 мың километрді құрайды. Оның ішінде 3,4 мың шақырымы республикалық, 3,2 мың шақырымы облыстық және 5,3 мың шақырымы аудандық маңызы бар жолдарға жатады.
Биыл Аягөз-Қарауыл-Семей-Қайнар, Үлкен нарын-Күршім, Өскемен - Тарғын - Самар, Омбы – Майқапшағай – Шілікті – Ақжар, Шемонаиха – Усть-Таловка, Шемонаиха – Большая речка, Семей – РФ шекарасы – Новопокровка – Петропавловка – Зубаир – Байтанат - РФ шекарасы, Семей – РФ шекарасы - Воскресеновка - Петропавловка – Шелехово – Новопокровка – Петропавловка – Зубаир – Байтанат – РФ шекарасы, Белағаш – Дмитриевка, Таврия – Каменка-Завидное, Таскескен – Бақты — Қарабұта - Ақшоқы, Омбы – Майқапшағай – Жарсу – Бақасу – Саржыра автомобиль жолдарының учаскелеріне, сондай-ақ, Абай ескерткіші мен Беген, Солдатово, Көктерек, Боран, Ойшілік, Глубокое, Белоусовка және Тассай ауылдарының кіреберіс жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Сондай-ақ, ЖҚЖК бағдарламасы аясында аудандық маңызы бар 50,4 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізілді. Осылайша, Преображенка – Шұғылбай, Күршім – Алғабас, Үржар – Қызылту - Бургон, Новодворовка – Переменовка – Ремки ауылдары арасындағы жол учаскелері және Жаңаауыл ауылына кіреберістер жөнделді.

Следующая →