Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Алтай ауданында ұрылар ұсталды

Алтай ауданының полиция бөлімі патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Алтай-Зубовск тасжолын патрульдеу кезінде жол бойында Зубовск ауылына қарай сиырды жетектеп бара жатқан екі ер адамды байқаған. Тексеріс барысында мал ұрланған болып шықты

Мән-жайды анықтау барысында жетектегі мал оларға тиесілі емес екені анықталған. Ұрылар сиырды өрістен айдап кетуге тырысыпты. Мал иесі 60 жастағы Алтай қаласының тұрғыны екені анықталды.
- Полиция бөліміне жеткізілген күдіктілер өз кінәларын толық мойындады. Қылмысқа барған қос тұрғынның жеке тұлғалары анықталды, олар жастары отыздың төртеуіне келген жұмыссыз жүргендер болып шықты, - деді полиция бөліміндегілер.
Араға аз уақыт салып Алтай ауданы ПБ бастығының атына мал иесінің алғыс білдірген бейнежазбасы келіп түсті. Онда ол кісі полиция қызметкерлерінің кәсібилігін ерекше атап өткен.
Қазір ұрлық жасауға оқталған әрекетке сәйкес ҚР ҚК-ның 24-бабы 1-бөлігінде, 188-бабының 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Следующая →