ШҚО-да екі еркек сиырды ұрлап әкетпек болды
Алтай ауданынцың тәртіп сақшылары Алтай-Зубовск тас жолының бойынан Зубовск ауылы жаққа қарай сиырды арқандап әкетіп бара жатқан екі шығысқазақстандықты байқайды
Сиырдың иесі олар емес екені анықталды. Алтай қаласының 60 жастағы тұрғынының далада жайылып жүрген сиырын айдап әкетпек болған.
Полиция бөлімшесіне барып түсініктеме берген күдіктілер 34 жастағы жұмыссыз азаматтар болып шықты.
Көп уақыт өтпей-ақ Алтай аудандық полиция бөлімшесінің басшысына бейнежолдау келіп түскен. Сиырдың қожайыны ұрланған малын қайтарып берген полицияның өз жұмысына адалдығын айтып, алғыс білдірген.
Ұрлау әрекеттеріне байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Следующая →