ШҚО-да тағы 300-ден астам ағашты заңсыз кескен
Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі облыстық аумақтық инспекциясының қызметкерлері орман ағашын заңсыз кесу бойынша екі фактіні анықтады
Өскемен-Семей республикалық тас жолы бойында кесіп алынған терек пен өзге ағаштардың тек бұтақтары шашылып қалған.
Тағы Ұлан ауданында 19 терек, Өскемен-Бозанбай тас жолының 23-ші шақырымында заңсыз кесілгені анықталды.
Следующая →
- 12-13 қараша аралығында "Казавтожол" ҰК" АҚ орман иеленушінің аумағында тексеріс жүргізу кезінде ағаш түбірлері, кеіслген бұтақтар, кесу жұмыстарының ізі қалған, - деп мәлімдеді ШҚО аумақтық инспекциясындағылар. - Бұл аумақтан 2019-2020 жылдарға ағаш кесуге рұқсат берілмеген. Ағаштарды есептеу жүргізілгеннен кейін 336 ағаш кесілгені анықталды, оның 232-сі терек, 79-ы қандыағаш, 25-і үйеңкі. Табиғатқа 314103 теңге сомасында нұқсан келтірілді.
Тағы Ұлан ауданында 19 терек, Өскемен-Бозанбай тас жолының 23-ші шақырымында заңсыз кесілгені анықталды.
- Заңсыз кесілген сүрек көлемі 35,93 куб/метр, - деп қосты мекемедегілер. - Табиғатқа 99813 теңге сомасында шығын залал келтірілді.
Тақырыптар:
Незаконная вырубка деревьев в ВКО АО "НК "Казавтожол" Инспекция лесного хозяйства и животного мира ВКО