Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Молдавиядағы президент сайлауында кім жеңгені белгілі болды

Молдовада өткен президенттік сайлаудың екінші турында Майя Санду қазіргі президент Игорь Додоннан басым дауысқа ие болды

Ол Молдова президенті болып 4 жылға сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпаратBBC агенттігіне сілтеме жасап. 

Оған Бельц-тен өзге ірі қалалардың барлығының тұрғындары, сонымен қатар, Еуропа елдеріндегі жастар мен диаспора өкілдері дауыс берді. Игорь Додонға ауылдық аймақ тұрғындары дауыс берді. 

Алайда бұл дауыстар оның бұл сайлауда жеңіске жетуіне ықпал етпеді. Ал Сандудың жетістігі өзі ойлағаннан да қарқынды болды. Егер бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша, дауыс беруге келушілер саны өте аз болса, екінші кезеңге келгендердің саны айтарлықтай көп болды. 

Дауыс берушілер саны 2016 жылы өткен сайлаудың екінші кезеңіндегі сайлаушылардан да көп болды. Ең белсенді сайлаушылар әдеттегісінше зейнеткерлер болды. Алайда бұл жолғы сайлауда жастар да ерекше белсенділік танытты. Басқа елдерде тұратын диаспора өкілдері осы сайлауда рекорд орнатқан сияқты. 

Шындығында, бұл сайлауда әрбір алтыншы молдован басқа елден дауыс берді. 1,5 миллион дауыстың 250 мыңға жуығы өзге елден берілген. Майя Санду Кишиневте, Оргеевте, Кагулда сайлауда сөзсіз жеңіске жетті. Додонды Бельц тұрғындары, ауылдық аймақтар, Приднестровье азаматтары қолдады. Ол Гагаузияда ең үлкен жетістікке жетті, онда тұрғындардың 95%-ы Додонды қолдап дауыс берді.
Следующая →