Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Аян Қалымбек
Ақпарат көзі:
Устинка

Гүлжан Ықыласқызы: "Жан дүнием айтысты қалап тұрады"

"Халықтың ой-пікірімен санаспайтын, менмендікке бой ұрып кеткен ақындар да жоқ емес"

Басын мәңгі қалың қар жауып, бауырын мұз құрсаған, төбесі көк тіреген зеңгір таулардың құзар шыңында, қыстыгүні мұз бен қарды жарып "гүлдердің патшасы" - қарғалдақ өседі. Жаз жайлауда көздің жауын алып, қызылды-жасылды құлпыратын өзге гүлдердің дәурені аяқталып, сұлулығының сиқыры күшін жоғалтқанда, қарғалдақ гүлі үскірік аязда қауызын жарып, тіршілігін жаңа бастайды.

Тағдыры қарғалдақ-ғұмырға пара-пар, заңғар Мұзтаудың қақаған ызғары тәрізді тағдырдың бұрқасын сынағына мойымай, қауашақ ашқан қыз-ғұмыр да бар. Өр Алтайда туып-өсіп, бой жетіп, атамекенім деп төр Алтайға асығып жетіп, шығыстың саф ауасын жұтып, бал суына шөл қандырған Гүлжан Ықыласқызы - бұл күнде Түркістан қаласында тұрады. Күн нұрына бірінші болып шомылатын Өскемен шаһарынан қазақтың хан-батырлары, би-шешендері орын тепкен киелі Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетіне оқуға түскен батыл қыз шұғылалы шығысына сағындырмай келіп тұрады. Осы жолғы сапарында жүз көрісіп, арқа-жарқа әңгімелесіп, сыр-сұхбат жасаудың сәті түсті.

Сұхбат - фото Г. Ықыласқызының жеке мұрағатынан (1).jpg

Гүлжан, ең әуелі көпшілікке кіндік қаның тамған жеріңді, еркелеп өскен еліңді таныстырып, туған жерге саяхат жасап қайтайық...

- Мен ҚХР, Алтай аймағы, Алтай өзі 7 ауданға бөлінеді, соның Қаба ауданында дүниеге келгенмін. Әкем де, анам да өнерден құр алақан емес, домбыра шертетін, ән айтатын адамдар. Ықылас әкем жастайынан айтыс-кер ақын болған. Менің де ақындық қабілетімді 1-сынып оқып жүрген кезімде алғаш сол кісі байқапты. 3-сыныпта бәлкім ауданда, бәлкім мектепте өнерпаздар байқауы өтетін болып, әкем соған мені қатысады деп тіркетіп қойыпты. Содан не керек, тұңғыш ана туралы өлең жазып, бірінші орын алғанмын. Әйтеуір жадымда сақталғаны, халық әндеріне ыңылдап ұйқастар ойлап тауып, бірдеңелер құрап жүретінмін. 4-сыныптан бастап қолыма домбыра ұстап, дәстүрлі әндерді орындауға әуестендім. Үйдегілердің айтуынша, тұсауымды кес-кенде алдыма қойған бұйым, заттардың ішінен домбыраны ғана таңдаппын. 7-сыныптан бастап кішігірім айтыстарға түсіп бастаған соң, әкем мені Шәкен Рахметолла есімді ақынға тапсырады. Оның қолында 8 ай тәрбиеленіп, артынан үлкен додаларға қосылып кеттім.

Екі түрлі өмірді көрдің, екі түрлі ортада өстің, екі жақтың да ақындарымен тартысқа түстің. Алтайдың арғы беті мен бергі бетіндегі айтыскерлердің айырмашылықтары мен ұқсастықтары қандай?

- Ол жақтың ақындары табиғатпен етене жақын сырласады. Мәдениет үйлерінде, үлкен залдарда өтетін айтыс-тан гөрі, кең жазира сахарада болатын жыр додаларын жақсы көреді. Ал бұл жақтың ақындарында табысына тәкаппарлану, "жүлде үшін жеңілмеу керек" деген ұстаным басым. Алтайдың өрінде де, төрінде де маңғаздық, тәкаппарлық бар. Бірақ мен келген жақта табиғи паңдық болса, мұнда жеке бастың тәкаппарлығы көбірек бой көрсетеді.

Қазір сахнада жүрген, айтыс әлемінің шоқжұлдызы деп ерекшелеп кімді айтар едің?

- Кішкентайымнан шымкен-ттік Бегарыс Шойбектегін көп көріп өстім. Менің Түркістанға баруымның және қалуымның бір себепшісі Бегарыс ағаның айтқан ақылдары, берген кеңестері еді. Ол кісінің қарапайымдылығында шек жоқ. Студенттермен қосылып аяқдоп та ойнап кетеді, үйіне ақынжанды жастардың барлығын жинап алып, басынан өткен қызықты оқиғаларын айтып, малын бағып, қорасын тазалап жүре береді. Біздің жоғары оқу орны халықаралық болғаннан кейін жиырма шақты мемлекеттің ұл-қыздары білім алады. Бегарыс аға өз қазағын былай қойып, өзбек, қырғыз, әзірбайжан, түрік бауырларға да қолынан келгенше көмектесіп, қарайласып жүретін кезі болады. Өнерде де, өмірде де маған үлгі болып жүрген ағам - "айтыстың арыстаны" атанған Бегарыс ақын.

Айтыстың әппақ айдынында сенің ақ кемеңнің жүзіп келе жатқанына 10 жыл да толып қалыпты. Қазақтың төл, ақсүйек өнеріне не жетіспейді, не артық?

- Шынайы ақындарға нағыз суырыпсалмалық және қарсыласты түсіне білу жетіспейді. Көпке топырақ шашып, баршаға қара күйе жақпаймын. Дегенмен, халықтың ой-пікірімен санаспайтын, менмендікке бой ұрып кеткен ақындар да жоқ емес. Сонымен қатар, қазіргі жас айтыскерлерге жанкүйер жұрттың мейір-шапағаты, ықылас-пейілі, қолдауы да ауадай қажет.

Жыр көкпары аламанында талай рет сөз серкесін тарттың. Жас-кәрісі бар, өзіңнен кішісі бар - қаншама қарсыластың сазайын беріп, қаншасына есе жібердің. Солардың ішінде есіңде жақсы сақталған, халық риза болған, өрелі айтыс жасаған ақындарды атап бере аласың ба?

- Қытайдағы айтыстарымды санамағанда, 2017 жылы Ақжарда өткен республикалық ақындар айтысындағы Ринат Зайытов, Оңғар Қабден ағаларыммен болған сөз қағысуым көңілімнен шыққан. Жүрсін Ерманның көзіне түсіп, республика деңгейіне көтерілуім де содан басталды. 2018 жылы Атыраудағы халықаралық айтыста Талғат Мықи, ақтық мәреде Қалижан Білдаш сынды азулы ақындармен үзеңгі қағыстырдым. Екеуі де сәтті шықты. 2019 жылы Тарбағатайдың Қабанбай ауылында Жұмықұлы ер Тәукенің 340 жылдығында сізбен шыққан айтысым да өте жақсы, өрелі болған. Артынша Қызылорда қаласында өткен сөз сайысында өзімнен кіші бір баламен бұрын-соңды болмаған әпке-іні айтысын жасадық.

Сұхбат - фото Г. Ықыласқызының жеке мұрағатынан (3).jpg

Сені ақын Гүлжан ретінде танитындар көп пе, әнші Гүлжан есебінде танитындар көп пе? Өзіңе қайсы жақын?

- Әуелі дәстүрлі, халық әндерін орындаушы әнші ретінде танылдым. Кейін келе ақындығым мәлім болды. Жан дүнием қазір айтысты қалап тұрады.

Арманыңмен бөлісесің бе?

- Артында ізі, халқында сөзі қалған мықты айтыскер ақын болу - мақсатым. Ата-анам әлі Қытайда. Ахуал оңалып тезірек атамекенге оралса екен деймін. Айтыста да, күнделікті тұрмыста да алалауды, шеттетуді көп көрдім. Бірақ оған бола тауым шағылып, сағым сынған жоқ. Мамандығым бойынша жұмыс жасап, дүниежүзін аралайтын журналист болғым келеді.

Следующая →