Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемендегі көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындары қолқаны қабар иістен шаршаған

Өскемендегі 30-гвардиялық дивизия, 30 мекенжайында орналасқан үй тұрғындары бесінші қабаттағы пәтерден шығатын жағымсыз иіске тұншығып күн кешіп келеді

Себебі пәтер иесі үш бөлмелі үйдің ішін қоқыр-қоқысқа әбден толтырған. Салдарынан пәтерге құрт-құмырсқа мен тарақандар қаптап, қолқаны қабар күлімсі иіс бүкіл подъезді алып тұр. 

Бұл пәтерде Зинаида Васильевна (аты-жөні толық өзгертілген) есімді зейнеткер науқас ұлымен бірге тұрады. Көршілерінің айтуынша, олар осы қоқысты 9 жылдан артық уақыт жинапты. Ол аз болғандай ит пен мысық асырап, көше кезген қаңғыбастарды да үйіне паналатса керек. Төзімі таусылған көршілері енді оның үстінен полиция мен психикалық диспансерге шағым түсірді.
- Мына жәндіктер жарық жанғанда жан-жаққа жамырай қашпайды. Көз алдыңда тарбаңдап жүре береді. Дихлофостың неше түрін сепсек те қырылып жатқанын көрмедік. Көшені аралап қоқыс жәшігінен неше түрлі киімдер әкеліп үйіне жинай береді. Мен екінші қабатта тұрамын. Соның өзінде күлімсі иіс бірінші қабатқа дейін жетіп тұрады. Ауру тарамағанда қайтеді. Шешесі мен баласы подъезден шығып-түскенде иіс бір сағаттай қалып қояды, - дейді Назгүл есімді тұрғын.
Пәтер иесі көршілерінің бірі Дарья есімді зейнеткерді ғана ішке кіргізуге рұқсат етті. 
- Бұған дейін ол кісі маған үйімді тазалаймын деп уәде берген. Сөзінде тұрғанына көз жеткізу үшін ішке кіргізуге келісті. Алайда, міне, видео мен фотоға түсіріп шықтым. Жағдай еш өзгеріссіз. Бәрі ана жолғы қалпында. Бір жарым жыл болды мұрыным иіс сезбейді. Зауытқа жұмысқа тұрғаннан кейін осындай ауру таптым. Бүгін соның арқасында мына үйге кіріп шықтым, - деді Дарья бұған дейін де мұнда болғанын аңғартып.

..Өзекті.jpg

Видеодан көргеніміздей, үй іші қалай болса солай шашылып жатыр, аяқ алып жүрудің өзі қиын. Бір бөлме толған киім-кешек. Еденге тасталған заттар да қалыңдап, биіктеп кеткен. Бұрыш-бұрышта коньки, хоккей таяғы, футбол аяқкиімдері де бар екенін үй иелері өздері көрсетіп қояды. Екінші бөлмеде де осыған ұқсас көрініс. Алакөлеңке болғандықтан анықтап қарау мүмкін емес. Ортада жалғыз аяқ жол қалған. Зейнеткер үшінші бөлмесін пердемен жауып қойған. Онда өтуге рұқсат жоқ. Асүй де жаңағыдай бейберекет. Үстел үстіндегі электр қуатына қосылған пеш тұр. Төбе қап-қара күйе. 

..Өзекті (2).jpg

Десе де, пәтер иесі шашылып жатқан заттардың ешқайсына тиіскізер емес. 
- Ешкімді кіргізбеймін. Ешбір затқа тимеңдер. Сотқа беремін! Бұлар ұлымның заттары. Бәрі керек. Керексіз дүние әне қара пакетте тұр. Оны ертең өзіміз-ақ тастаймыз. Бізге аз да болса тыныштық беріңдерші. Асүйді реттейміз деп-ақ шаршадық, - дейді ол.
Осы орайда аталған пәтердің астыңғы қабатында тұратын Альмира есімді көршісі өз үйінің ішін көрсетті.
- Әжетханамызды қанша рет жөндедік. Сөйтсе де, төбесіне жапсырған жабдықтарымыз түсіп қала береді. Төбе ылғи осылай сарғайып, дымданып кетеді. Менің ойымша, ол кісілер әжетханаға дұрыс шықпайтын секілді. Үлкен адамдар ғой деп осы уақытқа дейін жеңіл ескертумен тынып келдік. Бірақ шыдамның да шегі бар. Қазір осы кісінің кесірінен үйімді де сата алмай отырмын, - деді Альмира.
Шақыртумен келген облыстық психикалық денсаулық орталығының жедел жәрдемі ертеңінде зейнеткер мен ұлын алып кетті.
- Ол кісі тұрғындар және полиция шағымымен орталыққа алынды. Тексеру жүргізіп жатырмыз. Әзірге ештеңе дей алмаймыз, - деді облыстық психикалық денсауық орталығының бас дәрігері Мерхат Мұқышев.
Зейнеткер мен ұлы дәрігерлердің бақылауында біраз уақыт болатын сыңайлы. 
- Зейнеткер мен ұлы диспансерге жөнелтілді. Олардың айтуынша, екі ай сонда қарауда болады. Пәтердің кілті бізге берілді. Көршілері тазалаймыз десе немесе волонтерлер ұйымдасатын болса, рұқсат, есікті ашып береміз, - деді учаскелік полиция Бейбіт Ихсанов.



Следующая →