Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Көкпекті ауданындағы Қайыңдыға көпір салынды

Көкпекті ауданы Самар ауылдық округіне қарасты Қайыңды ауылына жаңа көпір салынды

1970 жылдары салынған көпірдің ағаштары шіріп, тоза бастаған. Тұрғындардың «ауылға көпір керек» деген ұсынысын ескерген аудан әкімі кәсіпкер және ауыл тұрғындарымен бірлесе отырып, аталған ауылдағы Қайыңды өзініне жаңадан көпір салып берді. 
- Соңғы бірнеше жылда ауыл тұрғындарынан «ауылға көпір керек» деген ұсыныс жиі түсе бастады. Көпір 1970 жылы салынған. Ол аласа болып мұз қата бастаған соң, 1980 жылдары қайта бетон құйып, биіктетіп жөндеген. Содан бері жарты ғасырға жуық уақыт өткеннен кейін көпірдің материялдары шіріп кеткен. Тіпті көліктер өте алмайтындай күйге түскен. Қайыңды өзені ауылды екіге бөліп тұрғандықтан биыл ауылға жаңа көпір салдық, - дейді Самар ауылының әкімі Ахмет Кудербаев.
Айта кетейік, аудан әкімі осы мақсатта бюджеттен арнайы қаржы бөліпті. Ауыл әкімінің сөзіне сүйенсек, көпірдің салынуына жеке кәсіпкер қолдау көрсетіпті.
- Көпір салуға жеке кәсіпкер Самарқан Жотабаев қолдау көрсетті. Өзінің краны мен камазын және өзге де техникаларын жұмылдырып, көпірдің салынуына атсалысты. Көпірдің ұзындығы 11 метр, ені 4,60 метр. Сонымен қоса, көпірдің жанына жаяу жүргіншілерге арналған қосалқы бөлігін де салдық. Оның ұзындығы 11 метр болса, ені 1,23 см. Қажетті мәтериялдардың барлығы темірден жасалды. Осылай тұрғындар бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып еңбек етті. Осы орайда демеушілік жасаған кәсіпкерге ауыл тұрғындарының атынан алғысымыз шексіз, - дейді Ахмет Кудербаев. 

Следующая →