Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Жол құрылысы Тарбағатай жұртының көңілінен шықпады

Биыл "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында Тарбағатай ауданына қарасты Жаңаауыл ауылының 9 шақырым жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Өкінішке қарай, жергілікті тұрғындар жол сапасына көңілдері толмайтындығын айтқан

Осыған байланысты аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы жұмыс сапарымен Жаңаауыл ауылдық округіне барып, мәселенің түйінін тарқату үшін мүдделі тараптармен кездесті.

Кездесу барысында аудан әкімі "ПМК-Құрылыс" ЖШС басшысы Қайрат Нәбиев, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жарқын Түндікбаевпен және ауыл тұрғындарымен пікір алмасты. 
- "Сын түзелмей, мін түзелмейді" дегендей, жол сапасына қатысты тұрғындардың уәжі орынды. Бұл тұрғыда "ПМК-Құрылыс" ЖШС басшысы Қайрат Нәбиев үш жылға дейін кепілдік мерзімі барын, жол жөндеудегі кемшіліктерді біртіндеп қалпына келтіретінін айтты, - дейді аудан әкімі Асхат Смаилов.
Десе де, тұрғындар мердігер компанияның жұмысын сынға алды. Себебі "ПМК-Құрылыс" ЖШС компаниясының бұған дейін де атқарған жұмыстарынан шашау шыққан болатын. 
- Тағы сол Қайрат Набиев пе? Тұғыл ауылының ауызсуын сонша шулатып еді, енді жол шықты ма? Жұмысты сапалы істеуге болмай ма? Тендерді жеңген соң артынан сөз ертпейтіндей жасау керек деп ойлаймын. Әшейінде "Тарбағатайым" деп сөйлеген жақсы. Бірақ іс пен сөз қабысса ғой, - деп пікір қалдырды аудан әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында Назира Мұхаметжанова есімді тұрғындардың бірі.
Айта кетейік, 2018 жылы "ПМК-Құрылыс" ЖШС компаниясы Тұғыл ауылына ауызсу тарту жұмыстарын жүргізген болатын. Өкінішке қарай, сапасыз жұмыс салдарынан тұрғындар ауызсусыз қалған. Тіпті тұрғындар қара құдықтың суына зар болып отырғандықтарын айтқан еді.

Следующая →