Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Биыл Тарбағатайдағы 22 отбасы баспаналы болады

Тарбағатай ауданының кәсіпкерлері тұрғындарға баспана салып беріп, көңілдеріне шаттық ұялатты. Нәтижесінде жыл соңына дейін кезекте тұрған әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы 22 отбасы үйлі болмақ

Ауданда 350 адам баспана кезегінде тұрғандығын ескерсек, Ақсуат, Ақжармен қатар, басқа ауылдық округтерде де үйлер салынбақ.
- Ақсуатта әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға жаңа баспаналар салынып жатқан ықшам ауданда келешекте балабақша, футбол алаңы, аялдама, дүкен және тағы басқа қызмет көрсету орындары ашылатын болады. Ол үшін арнайы жер учаскелері де қарастырылмақ. Бұл іргелес орналасқан "Ет комбинаты" ықшам ауданы тұрғындарына да тиімді, - дейді аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы. 
Әкімнің сөзіне сүйенсек, кәсіпкер Қайырлы Қасенов қос пәтерлі 5 үй (10 отбасыға), Дархан Шотабаев қос пәтерлі 5 үй (10 отбасыға) және Айдын Садықов қос пәтерлі 1 үй (2 отбасыға) салыпты. Жыл аяғына дейін кезекте тұрған әлеуметтік аз қамтылған көпбалалы 22 отбасы үйлі болмақ. 

Айта кетейік, "DK Energy" ЖШС директоры Дархан Шотабаев биыл тағы қос пәтерлі 8 үйдің (16 отбасыға) құрылысын бастайды. Ал кәсіпкер Қайырлы Қасенов келесі жылы 20 үй (40 отбасыға) салуды қолға алмақ. Аудан әкімі салынатын үйлердің сапасымен бiрге, оның iшкi-сыртқы дизайнына да баса мән берiлу қажеттігін атап айтты. Құрылыс жұмыстарына Есет Сансызбайұлы жетекшілік ететін "Ақсуат" МКК-ның техникалары да атсалысуда.

Осы орайда тағы бір қоса кететіні, келер жылы Көкпекті ауданына қарасты Қараөткел ауылына екі тұрғын үй салынбақ. Тіршілігі жанданып, көркейіп келе жатқан ауылға сырттан көшіп келушілер саны біршама артқан. 

Жуықта Көкпекті ауданының әкімі арнайы жұмыс сапарымен Жаңажол және Қараөткел ауылдарына барып, ауылда тұрғындар санының едәуір артқанын айтты. Соған орай ауылдарды сақтап қалу мақсатында тұрғын үй мәселесін шешуді талқылады. 
- Жұмыс барысымен Аққала ауылдық округіне қарасты Жаңажол және Қараөткел ауылдарына бардым. Жаңажол ауылындағы мәдениет үйінің жөндеу жұмысын жүргізу үшін сметалық құжаттама әзірлеу қажет. Сонымен бірге, Қараөткел ауылындағы мектепке биыл күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. Бұл ауылға көшіп келуші халықтың көптігін ескере келе, келесі жылы екі тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта осындай кішкентай ауылдарымызды сақтап қалу үшін көптеген жұмыстар жасайтын боламыз. Себебі елді мекендерді иесіз қалдыруға болмайды, - дейді аудан әкімі Серікқазы Садуақасов.

Следующая →