Екі шығысқазастандық 30 жыл бойы құжатсыз өмір сүріп келген
ШҚО ПД көші-қон қызметі қызметкерлері республикамызда жеке басын растайтын ешбір құжаты жоқ кісілердің де тұратынын анықтады
Жарма ауданының Шар қаласында тұратын 1978, 1969 жылғы ағайынды екеудің туу туралы куәліктері де, төлқұжаттары да болмай шықты. Кеңес үкіметі құлағаннан кейін отбасының үйі өртеніп, ата-анасы қайтыс болған екен.
Следующая →
- Қиын-қыстау кезеңде мұршаның келмеуіне байланысты қолдарындағы КСРО куәілігін Қазақстан азаматтығына уақытылы ауыстыра алмаған. Тұрақты мекен-жайлары да болмаған ағайындылар әртүрлі жұмыстар істеп күнелткен, - дейді ШҚО ПД баспасөз бөлімінде.Шар қаласының тұрғыны құжатсыз екеуін өз үйіне орналастырып, жұмыс беріп, киміммен, тамақпен қамтамасыз еткен. Сонымен қатар көші-қон полициясымен бірлесіп ҚР төлқұжатын рәсімдеуге көмектескен.