Шығыс Қазақстандағы Денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді
Бұрын облыстық аурухананың бас дәрігері болған Жайық Жұмаханов аймақ басшысы Даниал Ахметовтің тағайындауымен енді ШҚО-ның Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болды
Жайық Жұмаханов 1969 жылы 14-маусымда Аягөз ауданының Сергиополь қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Семей медициналық институтын тәмамдаған.
ШҚО Денсаулық сақтау ақпаратына сәйкес, еңбек жолын 1994 жылы Семей облыстық орталық ауруханасында анестезиолог-реаниматолог дәрігер болып бастаған. 2001 жылдан бастап Аягөз қаласының "Қазыгүл" медицина мекемесінде анестезиолог, аға дәрігер қызметін атқарған. 2002 жылы аталған мекеменің директоры болып сайланады. 2013 жылдың қаңтарынан бастап Өскемен қаласындағы "Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасында" бас дәрігер лауазымын атқарған.
Следующая →