ШҚО-да қатты жел шатырды жұлып әкетті
Шығыс Қазақстанда екінші күн қатарынан қатты дауыл болатындығы туралы ескерту келіп жатыр
Дауыл әсіресе Ұлан мен Зайсан аудандарында күшейіп тұр. Тіпті, ғимараттардың шатырларын да ұшырып әкеті.
Ұлан ауданындағы Асубұлақ ауылының учаскелік ауруханасының шатырын жел ұшырса, Зайсан ауданындағы Кондюрин көшесіндегі жер үй, М. Дәуленов атындағы мектеп-интернаты, М. Әуезов атындағы мектеп пен Боқажанов көшесіндегі екі қабатты ғимарат шатыры да желмен ұшып кеткен.
"Дәрмен" тегін мобильді қосымшасын жүтеп алып дауылды ескертулерді алып тұруға болады. Бірегей құтқару телефоны – 112.
Следующая →

- Халыққа егер дауыл туралы ескерту алса, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеміз, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Мүмкіндігінше ғимарат ішінен шықпаған жөн. Үйлердің қабырғасын, аялдамалар мен жарнама қалқандарын, ағаштың саясын ықтап тұрмаған жөн. Үзілген сымдар, жалбырап тұрған жарнама тақтайшаларынан ауаша тұру керек. Ал көлікті ескі ағаш түбіне қаңтармаңыздар.
"Дәрмен" тегін мобильді қосымшасын жүтеп алып дауылды ескертулерді алып тұруға болады. Бірегей құтқару телефоны – 112.
Тақырыптар:
ДЧС ВКО Мобильное приложение "Дармен" Сильный ветер в ВКО Штормовое предупреждение в ВКО