ШҚО тасжолында көліктің жыраға ұшып кетуіне жылқы себеп болды
Оқыс оқиға 6 қараша күні сағат 20.00 шамасында Өскемен-Риддер тас жолы бойында "Козлушка" тауының маңында орын алған
ШҚО Полиция департаменті мәлімдегендей, 54 жастағы ГАЗ-3110 жүргізушісі тас жол бойымен келе жатқанда жол үстіне жылқылар жүгіріп шыққан. Жылқыға соғылмас үшін тізгінді бұрып, жол жиегіндегі жыраға ұшып кеткен.
Жеңіл көлік жүргізушісі зардап шекпеді, көлік те айтарлықтай зақымданбаған.
Следующая →
Жеңіл көлік жүргізушісі зардап шекпеді, көлік те айтарлықтай зақымданбаған.
- Мал иесі анықталған жағдайда ҚР ӘҚтК 408-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылады, - деп қосты мекемедегілер.