ШҚО-дағы КВИ науқастары түгел КТ тексерістен өтуге міндетті
Соңғы уақытта пациенттер тарапынан КТ-тексерістен өту қиынға соққаны туралы наразылық жиілеген
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, коронавирус инфекциясымен ауырып жатқан науқастар үшін КТ-тексерістен өту бойынша арнайы бұйрық шыққан.
1 қарашадан бастап КТ-тексеріс Өскемен қаласында екі медициналық мекемеде жүргізіледі: Онкология және хирургия орталығы, Ана мен бала орталығы.
Компьютерлік томография учаскелік терапевтің жолдауы бойынша белгіленген уақытта жүргізіледі.
ШҚО көпсалалы Онкология және хирургия орталығында КТ тексерісті Өскемен (ЖМК мен Солжағалау аудандары тұрғындарынан басқа), Риддер қаласының, Шемонаиха, Ұлан және Глубокое аудандарының тұрғындары өте алады. Ал Ана мен бала орталығында ЖМК мен Солжағалау ауданының тұрғындары, Көкпекті, Зайсан, Тарбағатай аудандарының тұрғындарын қабылдайды. Алтай қаласының аудандық орталық ауруханасынан КТ-тексерістен Алтай, Зайсан қалалары мен Катонқарағай, Күршім аудандарының тұрғындары өтеді.
Следующая →

- Қарашаның екінші онкүндігінен бастап облыс орталығындағы емдеу-алдын алу мекемелеріне тағы да үш компьютерлік томограф енгізу жоспарланған, - дейді Онкология және хирургия медициналық орталығының директоры Гүлмира Сағидуллина.