Шәкәрім даңғылына көшпелі зертхана келеді
Сонымен қатар, күннің екінші жартысында клиенттерге ыңғайлы болуы үшін Репродуктивті медицина орталығы тағы бір терезе ашып қойды. Енді ПТР тест қабылдайтын екі лаборант жұмыс істейді
Репродуктивті медицина орталығындағылар түсіндіргендей, жедел ПТР тест бағасы шынымен де 20 мың теңге – оның нәтижесі тек төрт сағатта дайын болады. Сол үшін кімге жедел нәтиже керек болса, екі есе шығынға батуға тура келеді.
Следующая →
- Шәкәрім даңғылындағы филиалда екі медбике жұмыс істейді. Қазір жылжымалы пункті келеді, - дейді облыстық Репродуктивті медициналық орталық директоры Галина Галич. - Ертеңгі күннен бастап тағы бір қабылдау пунктін дайындаймыз.
- Бұл жерде кезекте қала кәсіпорындарының қызметкерлері тұрған, - дейді Өскемен қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ринад Ахмеджанов. - Енді олар ПТР тестті Карл Либкнехт, 17 мекенжайында тапсырады. Ыңғайлы болса, басқа тұрғындар да сонда жүгіне алады. Басқа да талдама қабылдау пунктілері жұмыс істеп тұр.