ШҚО халқы Ертісті де, паромды да ластап жатыр
"Айта, айта Алтайды, Бошай ата қартайды" демекші, Қара Ертісті кесіп жүретін, ерсілі-қарсылы есіп жүретін паромның жыры таусылған ба? Баяғы жартас - сол жартас. Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек дегендей, осы жолғы жырдың мәтіні мен айқайы бөлек
Моторы ғана гүрілдеп, өзеннің ағысын көлбей жарып келе жатқан кемеден Ертістің бетінде сағымдай ойнаған алтын күннің шапағына қарап: "Тұранның топырағына түркіден басқа тегі бөлек нәсілдің табаны тимей тұрған шақта осынау дарияның арнасы кең, суы таза әрі тұнық болған шығар" деп ойлап тұрғанда, уыс толы шекілдеуігін шықылдата шағып, қабығын Ертіске лақтырып тұрған жігіттерге еріксіз көз түсті. Қаз-қатар тізбектеліп алған 8-9 ер азамат қақырынып-түкірініп, ерніне қыстырған темесінің тұқылын дәл аяғының астындағы қоқыс шелегіне емес, өзенге тастағанды сән көріп тұрған секілді. Паромның әр жеріндегі "Не курить. Не сорить" деген ескерту мемлекеттік тілде жазылмаған соң, бәлкім, түсінбеген де болар.
Дереу кеме капитанының кабинасына көтеріліп, неліктен тазалықты былғаған ұқыпсыздарға айыппұл салынбайтынын сұрай келе, теплоход әкімшілігінің қолында ондай билік жоқ екені мәлім болды.
Иә, шылымын сорғыштап будақтатып, қолына шемішке толы дорбасын ұстағандармен біз де тіл қатысып көріп, ауыздан шыққан сөзіміздің Күршімнің желімен бірге далаға ұшып кететінін байқадық. Негізі теплоходтың тазалығына тағар сынымыз да, артар мініміз де жоқ. Қақпасы да, адамдар сүйкеніп өтетін темірі де, отырар орындықтары да мұнтаздай таза, едені жылтырап тұр. Жұмысқа шығар алдында өз міндеттеріне аса ыждаһаттылықпен қарайтын қызметкерлер өздерінің де, өзгелердің де қамын ойлайтыны көрініп тұрды. Ал сана-сезімі, ойлау түйсігі төрт аяқты хайуаннан да төмен екіаяқтылар барлық жерде бар.
Кеме тізгінін ұстаған ағамызбен аз-кем сұхбаттасқаннан кейін теплоход қызметінің атқарушы директорына қоңырау шалдық.
Бір жағадан екінші жағаға өтетін бір ғана паромның кемінде 8-9 жолаушысы суға пластик, қаңылтыр бөтелкелерді, темекі мен шекілдеуік қалдықтарын
тастаса, бір күн ішінде шамамен 25-30 тасымал жасайтын
2 бірдей кеменің осындай кесірін тигізушілері қасиетті қарт Ертісті қалай ластап жатқанын ойлай беріңіздер. Қоршаған орта тазалығына бейжай қарай алмайтын халықтың да, теплоход қызметкерлерінің де өзекті мәселеге Шығыс Қазақстан облысының Экология департаменті, Күршім ауданының әкімдігі назар аударса деген үкілі үміттері бар.
NatGeoQaz ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, республика бойынша ең қатты ластанған өзендер Шығыс Қазақстан облысында. Жыл сайын Ертіс өзені алабына 10 тонна мырыш, 3 тонна мыс, 2 тонна кадмий мен қорғасын тасталады. Бұл деген арты жаһандық апатқа апарып соғатын жайт қой.
Следующая →
Дереу кеме капитанының кабинасына көтеріліп, неліктен тазалықты былғаған ұқыпсыздарға айыппұл салынбайтынын сұрай келе, теплоход әкімшілігінің қолында ондай билік жоқ екені мәлім болды.
- Осы пароммен арлы-берлі қатынайтын тұрғындардың өздері тазалықты сақтамаған соң, басқадан не күтеміз. Бықсытып, қоқсытқан жерлерінде жиіркенбей тұра береді. Су транспортына да бәрін қадағалап, бақылап, заң бұзушылық факторды тіркеп жүретін бір кісі керек. Айыппұл салайық десек, бізде ондай құзірет, пәрмен жоқ. Басшылықтың бекіткен бұйрығы бойынша ғана жұмыс істейміз. Ол ол ма, күн сайын таң ертемен осы кемедегі қарапайым жұмысшылардан бастап, матростар мен капитандарға шейін Ертістің екі жағасын тазалауға шығады. Өйткені өзен өткелінің тазалығына да бізді жауапты қылып қойған. Ал паром ішіндегі ереже-тәртіпке бағынайын деп тұрған жолаушылар жоқ, тіпті қасына барып ұқыпты, мәдениетті болуын өтініп тұрсақ пысқырып та, қыстырып та қарамайды, - деп өкпе-назын ақтарып салды паром капитаны Сергей Чибисов.Кассиры да, матросы да, капитаны да дворник болып кеткен соң ренжімей қайтсін.
Иә, шылымын сорғыштап будақтатып, қолына шемішке толы дорбасын ұстағандармен біз де тіл қатысып көріп, ауыздан шыққан сөзіміздің Күршімнің желімен бірге далаға ұшып кететінін байқадық. Негізі теплоходтың тазалығына тағар сынымыз да, артар мініміз де жоқ. Қақпасы да, адамдар сүйкеніп өтетін темірі де, отырар орындықтары да мұнтаздай таза, едені жылтырап тұр. Жұмысқа шығар алдында өз міндеттеріне аса ыждаһаттылықпен қарайтын қызметкерлер өздерінің де, өзгелердің де қамын ойлайтыны көрініп тұрды. Ал сана-сезімі, ойлау түйсігі төрт аяқты хайуаннан да төмен екіаяқтылар барлық жерде бар.
Кеме тізгінін ұстаған ағамызбен аз-кем сұхбаттасқаннан кейін теплоход қызметінің атқарушы директорына қоңырау шалдық.
- Қоршаған ортаның қауіпсіздігін, тазалығын, біре-гейлігін, тұтастығын сақтауға құлықсыз, айналасындағы жандардың айтқанына құлақ аспайтын адамдар тобының бар екені белгілі. Паромдағы тәртіптің сақталмауы да соның айқын көрінісі. Ескертулер іліп қойдық, түсіндіріп те айтамыз. Көбіне-көп еленбей жатады. Әйтпесе теплоход жұмысшылары өз тарапынан барынша ұқыптылық танытады. Енді, бұл жеке меншік бизнес емес, мемлекеттік нысан болғандықтан айыппұл салыңдар деп бұйрық беріп, соның жұмысын істейтін қызметкерді тағайындай алмаймын. Полиция жиі-жиі рейд жүргізіп, тексеріп тұрса, мемлекеттік органдар бір шара қолданса, алғыстан басқа айтарымыз болмас. Айналып келгенде экологтар да Ертістің ахуалына алаңдауы керек қой, - дейді су тасымалы қызметінің атқарушы директоры Қадылбек Жармұхамедов.Шындығында, қазір Жер-Анаға тиесілі табиғат құндылықтарында тазалық қалды ма екен деп тұңғиық терең ойға кетуге болады.