Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Аян Қалымбек
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО жолдары қыс мезгіліне дайын ба?

Қыс кезінде өңірімізде үнемі үздіксіз бақылауда болатын, қар басып қалатын 300-ден астам аумақ бар. Оның 69-ы республикалық, ал 245-і облыстық маңызы бар жолдар

Солардың ішіндегі "Өскемен-Тарғын-Самар", Өскемен-Горная Ульбинка-Северная" секілді ең негізгі 14 аумақ бас-
ты назарда. Биыл облыс бойынша 19 нүктеге жылыту бекеттері орнатылып, республикалық маңызы бар тас жолдар бойына 4 медициналық құтқару орындары қойылды, бұлар да жылыту пунктілерінің қызметін атқара алады.
- Шығыс өңіріндегі жолдардың 90%-ы 500-дей қар күреу техникаларымен қамтылды, - деп мәлімдеді облыстық Төтенше жағдайлар бойынша департаментінің азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Тимур Дидахметов. - 844 жерге жол белгісі қойылып, көктайғаққа себу үшін 19 мың тонна құм дайындалды.
Бүгінгі таңда төтенше жағдайлар департаментінде 2 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Департамент қар мен көшкіннің алдын алу шараларын ұйымдастыруға кірісіп те кеткен. Облыста апатты жағдай оқыстан орын алған жағдайда жедел жолға шығатын 1000 адамнан астам арнайы құтқару тобы жасақталды.
Жалпы "Қазгидромет" РМК аймақтық филиалының мәліметтеріне сүйенсек, қараша айында ауа температурасы нормаға сай, ал желтоқсан-қаңтарда ауа температурасы нормадан сәл жоғары. Бұл уақытта облыстың солтүстік, солтүстік-батыс және батысында жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болады деп күтілуде.
- Қарашада күн райы өте құбылмалы болайын деп тұр. Аймақта боран, көктайғақ, қатты жел орын алады. Бірақ жылы күндер де жоқ емес. Жалпы биылғы қыс орташа деңгейде суық болады деп күтілуде, - дейді "Қазгидромет" ШҚОФ басшысы Адель Ахметов.
Шығыс Қазақстан облысы су қоры жөнінен алдыңғы орында екені белгілі. Балықшылар қар түсіп, алғашқы мұз қата бастағанда-ақ балық аулаудың қызығына түсіп, жұп-жұқа мұздың үстіне көлікпен шығып кетеді. Оның арты қайғылы жағдайға да әкеп соғуы мүмкін. Тура солай көктемде қар кетіп, мұз ери бастаған уақытта да балық аулау маусымы қызады. Осы кезеңдерде құтқару қызметінде техника жетіспеушілігі болатынын атап өтті мамандар.
Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Жолдар Дайындық