Көкпекті ауданында 100 шақырым жол жөнделді
Бүгінгі күні аудандық жолдың 72,5%-ы қанағаттанарлық жағдайда. Биліктегілер 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 95%-ға жеткізбек
Көкпектіде автомобиль жолдарының ұзындығы 868,7 шақырымды құрайды. Соның ішінде 50 елді мекенді байланыстыратын аудандық маңызы бар автомобиль жолдары 470,7 шақырым. Көкжота, Қараөткел, Қойтас, Теректі, Шұғылбай, Үлгілімалшы тұрғындары талай жылдан бері осы ауылдарға апаратын дені дұрыс жол салынса екен деп тілеп келген. Аудан басшылығы бірқатар ауылдардың мәселесін шешіп қойыпты.
Следующая →
- "Өңірлерді дамыту-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында 275 млн 386 мың 263 теңгеге Тассай ауылына апаратын жолдың 9-18 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. "Жұмыспен қамту жол картасы-2020" бағдарламасы негізінде 337 млн 919 мың 287 мың теңгеге Преображенка-Шұғылбай тасжолының 0-11 шақырымына орташа жөндеу жұмысы жүзеге асырылды. Аталған жол жөндеу жұмыстарына Қ. Аухадиев, Теректі және Шұғылбай ауылдарынан жалпы 44 адам жұмысқа тартылды, - деп мәлімдеді аудан әкімі Серікқазы Садуақасов.
Тақырыптар:
Ремонт дорог в Кокпектинском районе Аким Кокпектинского района Серикказы Садвакасов Программа "Дорожная карта занятости"