Телестудиядағы аялдаманы бүлдірген ересек әйел адам болып шықты
45 жастағы қала тұрғыны өз істеген ісіне өкініш білдіріп, ақымақтық жасағаны үшін қала тұрғындарынан кешірім сұрады
Естеріңізге сала кетейік, жақында Телестудия аялдамасындағы павильонды вандалдар бүлдіріп кеткен болатын. Біреу аялдама кешенінің қабырғасына ежелгі діни белгіні салып кеткен.
Бұл бұзақылық Сергек көше бақылау камерасына түсіп қалған. Бейнежазбада қолына бояу баллонын ұстаған біреудің қабырғаға сурет салып жүргені анық көрініп тұр.
Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, тәртіп бұзған адамның кім екенін анықтау үшін куәгерлерден сұрастырып, бейнежазбаны қарап, күдіктіні анықтады.
Следующая →

- Ұсталған азаматша өз кінәсін мойындады, - дейді Өскемен қалалық ПБ ЖПҚБ басшысы, полиция майоры Нұрболат Бітебаев. - Оған қатысты ҚР ӘҚК 505-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.