Шығыста азық-түлік бағасы шарықтап тұр
Ұн, қант, нан, күнбағыс майы, сүт өнімдері, бәрінен де жұмыртқаның бағасы қымбаттап кеткен
Бүгінгі таңда еліміздегі 1 айдағы күнкөріс көзінің минимумы – 32668 теңге. Статистика есептеулеріне сүйенсек, ағзаны зиянсыз, құнарлы тағамдармен толықтыруға бұл ақша жету керек, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Азық-түлік өнімдеріне жоғарыда аталған қаражаттың 18000 теңгесі кетті. 3500 теңге ет, балық өнімдеріне, 14,4% жұмырқа мен сүт өнімдеріне жұмсалды. Оған қоса тағы 14700 теңге басқа тауар түрлерін алу үшін қалды.
Өткен жылмен салыстырғанда күнкөріс көзінің ең төмені шекті бағасы біршама өскен. Тек дүкендер мен базардағы бағалар да жарысып қоса көтеріліп жатыр. Тұрғындар әр күн сайын ішіп-жеу үшін көбірек шығындалатын болды. Дәл осындай жағдайда салауатты өмірді ұстанып, ағзаны тек құнарлы тамақпен қоректендіру қайдан болсын?! Керісінше, пандемия кезінде тағам сапасы төмендеп кетсе денсаулыққа қауіпті болмақ.
Өкінішке орай пандемия келіп, карантин жарияланғалы бері шарықтап аспанға кеткен бағалардың әзірге түсетін түрі көрінбейді. Осы жағдайда Еңбек министрлігінің ақпартына сәйкес, елімізде базалық табыс көзін ұйымдастыру және минимумды күнкөріс көзін өсіру әзірге қарастырылмайды.
Следующая →

- Жалақымызды көтермейді, бірақ бағалар қымбаттап жатыр. Бірнеше мың теңгемен дүкенге барсаң да жарытып түк алмай қайтасың. Жұмыртқалар алтын болып кеткендей – 10 данасы 440 теңге, ал үй жұмыртқасы – 560 теңге. Сүт өнімдері мен дәнді дақылдар да қымбаттаған. Қарақұмықтың бір келісі – 420 теңге, қант – 300 теңгеден жоғары. Сатушылар баға әлі де өседі деп отыр, - дейді Әйгерім Естаева есімді қала тұрғыны.Өскемен кәсіпкерлер бөлімінің жетекшісі жұмыртқаның қымбаттауы құс фабрикаларындағы бағаның өсуінен және олардың құрама жемдерінің көлемі ұлғайғандықтан деп отыр.
- Күнбағыс майының да күрт қымбаттауы аймағымыздағы шаруа қожалықтарының ұсынған шикізатына байланысты. Әзірге ұн бағасы тұрақты. Алайда ол да аграрлар бидайды жоғары сұраныспен сататын болса қымбаттауы мүмкін, - дейді Ғасан Тұрғанбаев.Қант зауыттарының көтерме бағаны көтеріп жібергені себепті сатушылар да қантты қымбатқа сатуға мәжбүр.
Өкінішке орай пандемия келіп, карантин жарияланғалы бері шарықтап аспанға кеткен бағалардың әзірге түсетін түрі көрінбейді. Осы жағдайда Еңбек министрлігінің ақпартына сәйкес, елімізде базалық табыс көзін ұйымдастыру және минимумды күнкөріс көзін өсіру әзірге қарастырылмайды.
- Егер мемлекет тарапынан базалық табыс көзін еліміздің барлық тұрғындары үшін енгізетін болсақ, оған жыл сайын 7 триллион теңгеден астам қаржы кетеді. Бұл – үлкен сома. Билік барша азаматтардың мұқтаждығын көірп отырған жоқ,- деді ҚР әлеуметтік сақтандыру және еңбек министрі Біржан Нұрымбетов.Қорыта келгенде, қазіргі ахуал көңіл көншітерлік емес. Өте көп жағымсыз жаңалықтарымен келген 2020 жыл да әне-міне бітуге таяп қалды. Кейбіреулер қазірден бастап күнтізбенің жаңа күнін қарсы алатын мейрамға дайындалып жатыр. Пандемия әлі толық аяқталмауы себепті алдағы уақытқа қандай да бір жоспар құруға ертерек. Бірақ сатып алатын азық-түлік, керек-жарақтардң тізімін жасай берген жөн. Өйткені келер жылды удай қымбат бағалармен қарсы алғалы тұрмыз.